Жамбыл облысында жоғалған сарбаздың денесі қырғыз жерінен табылды

Он сегіз жасар сарбаз Ұлықбек Бердішевтің Жамбыл облысы Меркі ауданындағы әскери базадан жоғалып кеткендігі туралы хабар 2 наурызда таралды. Оның денесі Қырғызстаннан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv сайтының жазуынша, сарбазды соңғы рет оның қаруласы көрген. Жас жауынгер екінші наурыз күні екілер шамасында ат қораны тазалауға шыққан екен. Кейін сарбаздар сапқа шақырылғанда арасында Ұлықбек жоқ болған. Дереу дабыл қағылып, туыстарына хабар берілген. Содан бері одан еш хабар болмады.

Бүгін журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында сарбаздың денесі қырғыз жерінен табылғанын жариялады.

Сол маңдағы қойшы әскери киімдер тапқанын шекарашыларға хабарлаған. Киім ізімен барған туыстары жартастың ұшар басында ілініп тұрған Ұлықбектің денесін көрді, – деп жазды журналист.

Енді сарбаздың өлімінің себептері арнайы әскери сот-сараптама анықтайды.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...