Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар өтті

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Д.Б.Мәуленов сот отырыстарының аудио-бейне жазбалары мерзімінде уақытылы басталуы және кейінге қалдыру себебі мен уақытын дұрыс көрсетіп, рәсімдеу, сот актілерінің уақытылы ақпараттық жүйеге салынуы және судья ЭЦҚ-сын қойылуы мәселелері бойынша семинар сабағын өткізді.

Семинарға судьялар, сот Әкімшісінің басшысы, мемлекеттік сот қызметшілері қатысты.

Баяндамашы өз сөзінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қазіргі таңда республика бойынша барлық соттар арасында тоқсан қорытындысы бойынша олардың жұмыстарын салыстыру арқылы рейтинг дайындайтыны жайлы ерекше атап өтті.

Баяндамасында Д.Б.Мәуленов барлық сот отырысының хатшылары сот отырыстарының аудио-бейне жазбалары талаптарға сәйкес мерзімінен кешіктірмей уақытылы басталуы және кейінге қалдыру себебі мен уақытын дұрыс көрсетуін қамтамасыз ету қажеттігі жайлы, сонымен қатар барлық судьялар сот актілерін заңмен көзделген мерзімдерінен кешіктірмей уақытылы «Төрелік» ақпараттық жүйесіне салынуын және оларға ЭЦҚ-сын уақытылы қойылуы қажеттігі жайлы ескеріп өтті.              

Семинардың қорытындысы бойынша баяндамашы барлық қатысушыларды алдағы уақытта соттың рейтингіне әсерін тигізбеу үшін жұмыс барысында кемшіліктерге жол берілмеу керектігі жайлы ескертті.

Өз тілшіміз

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...