12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖАЛАНЫҢ ЖЫЛАННАН ДА ЗӘРІ УЫТТЫ…

Жамбыл облысы «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржы-экономикалық секторының меңгерушісі Іңкәрбекова Дана Сершибайқызы, бас есепшінің орынбасары Алимкулова Аймкүл Нурпеисқызы осы мекеменің есеп секторының жетекшісі Гүлнар Уркумбаеваның жаласымен істі болды және Жамбыл облысы, Тараз қаласы №2 сотының 06.04.2021 жылғы үкімімен олар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, сотталды. Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 1А-223/2021 қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылып, күшіне енді.
Бір шаңырақтың отанасы, бала тәрбиелеп, айрандай ұйып отырған отбасылардың бір күнде күл-талқаны шықты. Іңкәрбекова Дана Сершибайқызының бес жасар сәбиі, қартайып, таяққа сүйеніп отырған енесі, жүрегі әрең соғып тұрған анасы және олардың отағасы мен бауырлары сот залынан Дана Іңкәрбекова мен Алимкулова Аймкүлді СИЗО-ға алып кетті деген хабарды күтпеп еді. Олар жаланың жыланнан да зәрі уытты екенін бір жарым жыл СИЗО-да отырып, соңынан Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Дана Іңкәрбекова 8 жылға, Алимкулова Аймкүл 7 жыл 6 ай мерзімге сотталып кеткенде ғана зұлымның аждаһадан кәрі мықты екенін түсінді. Бүгінде олар соттың заңды күшіне енген шешімдерін кассациялық тәртіппен қайта қарау жөнінде өтініш-хат жіберіп, әлі де әділетті заңнан үмітін үзбей отыр. «Әділ заң – тірегің» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, Қазақстан сот жүйесінде тырнақтай әділдік болса, сотталушы Г.Уркумбаеваның жалған жаласына негізделген үкімді заңсыз деп тану қажет деп есептейміз. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сотта Дана Іңкәрбекованың және А.Алимкулованың аталған қылмысқа қатыстылығын дәлелдейтін, олардың пайдакүнемдік ниетін, Г.Уркумбаева арқылы мемлекет қаржысын қасақана талан-таражға салғанын, алыс-берісін, бөліскенін дәлелдейтін нақты құжаттық айғақтар анықталған жоқ. Оларға қатысты тағылып отырған айыптар қылмыстық істе дәлелдемелермен расталмаған. Сот бүкіл айыптауларға сотталушы Г.Уркумбаеваның жауаптарын біржақты негізге алған. Г.Уркумбаеваның бұларға жапқан жаласын бірде-бір куә қуаттап отырған жоқ. Не тергеу барысында, не бірінші және екінші инстанциялық сотта Г.Уркумбаеваның жаласының шынайылығы тексерілмеді және басқа да дәлелдемелермен: куәлардың жауаптарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сарапшылардың қорытындыларымен, айғақтық заттармен және басқа да құжаттармен еш қуатталмады. Сондықтан да мұндай жағдайда тек сотталушы Г.Уркумбаеваның жалған көрсетпелеріне негізделген үкімді ҚР Жоғарғы Соты заңсыз деп тану қажет деп санаймыз. Қылмыс адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған және Г.Уркумбаеваны белсенді атқарушы етіп көрсеткен. Өйткені, осы істе алдын ала сөз байласу фактісі дәлелденбеген. Сотталушы Г.Уркумбаева бұл фактіні бірнеше рет және әртүрлі түрлендіріп өзі де шатасып, тергеушілерді де алдап, түлкі бұлаңға салған Г.Уркумбаеваның түрлендіріп айтқан жауаптарын апелляциялық алқа мәжілісінде қорғаушылар Г.Уркумбаеваның өзіне және сотқа Г.Уркумбаеваның жауаптары бекітілген хаттамаларды көрсетіп тұрып, жауап алды. Алайда апелляциялық алқа болса, ештеңеге қарамастан, адамдар тобы Г.Уркумбаева, Д.Іңкәрбекова, А.Алимкулова, Н.Елеусинова 2014 жылы желтоқсанда алдын ала сөз байласқан деп, өз қаулысында жалған тұжырым жасаған. Сөйтіп, керісінше, тергеу анықтай алмай кеткен мәселені соттың актісімен сөз байласқан уақыттың нақты датасы 2014 жыл деп, жалған тұжырым жасап, даулы мәселені апелляциялық алқада сот қасақана жойды. Бұл заңсыз. Г.Уркумбаева 2014 жылға дейін (басқа қатысушылармен сөз байласқанға дейін) қылмыстық құқықбұзушылық құрамының объективтік жағын жүзеге асырған. Ол жымқыруды өз бетінше 2008 жылы бастаған. Сол уақыттан бастап №51 мектептен ақша жымқырып келген. Д.Іңкәрбекова мен А.Алимкулованың іс-әрекеттерін алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыс деп саралауға келмейді. Сондықтан да айыптау органы 20082013 жж. құқықбұзушылықтарды бөлек өндіріске бөліп тастаған. Ол өз алдына ҚР ҚПК 44-бабы 4-ші бөлігінің көрінеу бұзылуына әкеліп соқты. Ал егер апелляциялық алқа бекіткендей адамдар тобы Г.Уркумбаева, Д.Іңкәрбекова, А.Н.Алимкулова, Н.Елеусінова 2014 жылы желтоқсанда алдын ала сөз байласқан деп санасақ, онда Д.Іңкәрбекованың 2008-2013 жж. құқық бұзушылықтарға (бұған қатысты қылмыстық іс бөлек өндіріске бөлініп қаралған) еш қатысы жоқ деген сөз! «Алдыңғы арба қайда барса, соңғысы да сонда барадының» кейпін жасап, бұл істі бірінші инстанция формальдық тәртіпті сақтап, сахналап, облыстық алқаға жалтақтап, асығыс және үстіртін қарап, үкім шығарып Д.С. Іңкәрбекова мен А.Н.Алимкулованы 2014-2019 жылдарда болған талан-таражға байланысты қаралған істің артынан бір ізбен әділетсіз соттап жіберді (Жамбыл облысы, Тараз қаласы №2 сотының (судья Б.Төребекұлы) №3111-21-001/427 қылмыстық іс бойынша Аймкүл Алимкулова және Дана Іңкәрбекова ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағымен кінәлі деп танылып, 2022 жылғы 24 ақпанда үкімі шықты. Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 31 мамырдағы №1А88/2022 қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылып, күшіне енді). Екінші инстанция үтір-нүктесін өзгертпестен, үкімді күшінде қалдырды. Құдды бір 37-ші жыл дерсің! Кассациялық алқа мүшелеріне осы мәселелерге баға беруді сұрадық. Сот мемлекетке келтірілген шығындардың сомасын негізсіз жинақтап, нәтижесінде Д.Іңкәрбекова мен А.Алимкуловаға аса ірі көлемде ақша жымқырды деген заңсыз айып тағылып, Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен заңсыз соттап жіберді. Алайда, жалған қаржы аударылған тұлғалардың ешқайсысы Д.Іңкәрбековамен де, А.Алимкуловамен де қарым-қатынас жасамаған және қатынаста болмаған. Сонымен қатар, сот отырысында куә К.Сатыбалдиев әйелі Күләйша (ол кісі қайтыс болып кеткен) қарызға алтын бұйымдарын алған адамдарды қарыз дәптеріне жазып жүргенін, аталған дәптерді Жамбыл облысының прокуратурасының арнайы прокурорларына алып барып бергенін көрсетті. Жамбыл облысы Тараз қаласы №2 сотының №3111-21-00-1/427 қылмыстық іс бойынша Алимкулова Аймкүл Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағымен кінәлі деп танылып, 06.04.2021 жылы үкімі шықты. Бірақ, айыптау органы аталған дәптерді істен көрсете алмады, дәптер жоқ болып шықты. Бұл туралы бірінші инстанцияда және апелляциялық алқада да анықталған, бірақ сот оны Д.Іңкәрбекова мен А.Алимкулованың пайдасына шешпеген. Сотталған Д.Іңкәрбекова мен А.Алимкулованың қылмысқа қатысы жоқтығы келесі бірқатар дәлелдемелермен де куәландырылады: Сотталушы Н.Елеусинова өз жауабында сотталушы Г.Уркумбаеваның Д.Іңкәрбекова және А.Алимкуловамен бірге адамдар тобының келісімінде болғанын білмегендігін көрсеткен. (Үкім, 48-бетте) Алайда сот: «Сотталушы Н.Елеусинова өзінің сенімді тұлғаларына аударылған ақшаны өзі жаратқан, көрсетілген ақшаны онымен (кіммен?) бөліспеген. Сотталушы Н.Елеусинова оның аталған қылмысты бас есепші сотталушы Д.Іңкәрбекова мен оның орынбасары, сотталушы А.Алимкуловалармен сыбайласып жасап отырғандарын білген. Сондықтан өзі де қорықпай, өзінің үш сенімді адамы Ж.Джарасова, А.Боранбекқызы және Р.Абдрахманова арқылы бюджет қаражатын жымқырған» деп дәлелсіз тұжырым жасаған. 2) Облыс прокурорының арнайы прокурорлар басқармасымен сотталушы Д.Іңкәрбекова мен А.Алимкулованың иелігіне 2014-2018 жылдар аралығында тіркелген жылжымалы және жылжитын мүліктеріне, банктік есепшотындағы ақша айналымына талдау жүргізілді. Талдау барысында Д.Іңкәрбекова мен А.Алимкулованың күдік тудыратын мүлкі, банк шотында қаражаты болғаны анықталмады. Сондай-ақ сотталушының тыйым салынатын жылжымалы және жылжымайтын мүлкі жоғы анықталды. 3) Апелляциялық процестің дайындық сатысында сотталушы Д.Іңкәрбекованың қорғаушысы Ғ.Пірмағамбетов, Ф.К. Мажид: «Тараз қалалық №2 сотының судьясы Ғ.Аманбаев ҚПК 436-баптың 3-бөлігінің 8-тармағын бұзу арқылы үкім шығару құпиясын көрінеу бұзды», – деп мәлімдеді және сол негізде Тараз қалалық №2 сотының 2021 жылғы 6 сәуірдегі үкімінің күшін жоюды сұрады. Апелляциялық құрам сот процесінде алдымен істің мән-жайларын анықтап алу қажет деген негізбен шешім қабылдамай, өтінішті кейінге ашық қалдырды. Қорғаушы тарап «Тараз қалалық №2 сотының судьясы Ғ.Аманбаев ҚПК 436-баптың 3-бөлігінің 8-тармағын бұзу арқылы үкім шығару құпиясын көріне бұзды деген негізбен Тараз қалалық №2 сотының 2021 жылғы 06 сәуірдегі үкімінің күшін жоюды сұрап апелляциялық алқаға қайта өтініш хат мәлімдеген. Тараз қалалық №2 сотының 2021 жылғы 6 сәуірдегі үкімінің 64-ші бетінде сот: «Сот талқылауы барысында сотталушы Г.Уркумбаева 10 000 000 теңге және Н.Елеусинова 2 440 926 теңге көлемінде мемлекетке келтірілген шығынды ішінара өндіргендері туралы құжаттар тапсырған. Осыған байланысты, сот іс бойынша талап арызды шешу барысында жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, жәбірленушінің өкілі Д.Алиаскарованың талап арызы өндірілмеген сома көлемінде ішінара қанағаттандырылуға жатады деп табады» деп тұжырымдаған. Яғни, сотталушы Г.Уркумбаева бірнеше траншпен, соңғысы 02.04.2021 жылы, Алматы облысы Қаскелең қаласындағы банк арқылы жергілікті уақыт бойынша 15 сағат 36 минутта кассаға 9 000 000 теңге төлеген. Төленген түбіртек 02.04.2021 жылы сот талқылау барысында сотқа өткізілмеген, іске тіркелмеген. Судья Ғ.Аманбаев 02.04.2021 жылы сағат 16.00-де​ кеңесу бөлмесіне кеткен. Бірақ, судья Ғ.Аманбаев үкім шығарғанда, осы түбіртекті негізге алған. Көшірмесін іске тіркеген (түбіртектердің көшірмелері істе бар). Сотталушы Н.Елеусинова 31.03. 2021ж.; 01.04.2021ж.; 05.04.2021ж. үш траншпен 2 440 926 теңге бюджетке төлеген. Соңғы төлемді 1 600 000 теңге сомасын Н.Елеусинова 05.04.2021 жылы Халық банкінің Жамбыл облыстық филиалы арқылы төлеген (түбіртектердің көшірмелері істе бар). 05.04.2021 жылы Н.Елеусинова төлем түбіртегін Тараз қаласы №2 сотына кеңсе арқылы өтініш-хатпен өткізген (канцелярияға өткізілген кіріс нөмері 517/1808 арыздың көшірмесі істе бар). Судья Ғ.Аманбаев кеңесу бөлмесіне 02.04.2021 жылы сағат 16.00-де кеткен (сот процесінің бейнежазбасы, сот мәжілісінің хаттамасы). Яғни судья Ғ.Аманбаевтың кеңесу бөлмесіне кетіп қалғаннан кейін Н.Елеусинованың төлем жасағанын көріп отырмыз. Бірінші инстанция сотының судьясы Ғ.Аманбаев ҚПК 436-баптың 3-бөлігінің 8-тармағын, яғни үкім шығару құпиясын көріне бұзып, үкім шығарған. Сот талқылауында жоғарыда көрсетілген төлем түбіртектері қарастырылмаған, ешкім ұсынбаған. Ал судья Ғ.Аманбаев болса, сот талқылауы барысында сотталушы Г.Уркумбаева 10 000 000 теңге және Н.Елеусинова 2 440 926 теңге көлемінде мемлекетке келтірілген шығынды ішінара өндіргендері туралы құжаттар тапсырды деп тұжырым жасаған. Сонымен қатар, судья Ғ.Аманбаев ҚПК 385-бабы, 389-бабы және 390-бабының 1-бөлігінің 5, 10, 12 тармақтарын елеулі түрде бұзып, үкім шығарған. 4) Куә Г.Малибекованың сотта берген жауабына сай, яғни ол «Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімі» КММ-нің бас экономисі болып жұмыс істейді. Ол мекеменің бас экономисі ретінде қаржы жетіспеген жағдайда, басқа ерекшеліктерден немесе келесі айдың қаражатын алға жылжытып отырады. Сонымен қатар, төлеуге жоспарланған ақшаның сомасы жоғарылау себебін анықтау (осы жағдай жиі болып тұратын құбылыс екенін нақтылап отыр) оның міндетіне кірмейді. Аталған міндет сотталушы Д.Инкарбековаға жүктелген. Әр мектеп бойынша жоспарланған ақшадан не себепті көп мөлшерде ақша есептелгендігі туралы сектор жетекшілері бас есепші Д.Инкарбековаға есеп береді. №51 мектепке жауапты сектор жетекшісі сотталушы Г.Уркумбаева екендігін айтқан. 5) Куә У.Байдуановтың сотта берген жауабына сай, ол 2019 жылы «Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімі» КММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеген. Ол ай сайын Тараз қаласының мектеп жұмысшыларына жалақы төлеу туралы бухгалтерлік құжаттарын КММ-нің бас есепшісі Д.Инкарбекова қол қойған соң, ЭЦП «Казтокен» электронды кілтімен бекітіп отырған (тергеу барысында куә У.Байдуанов ЭЦП кілтті Іңкәрбековаға беріп қойғанын айтқан. Бас прокуратура бұл заң бұзушылықты анықтап, ЭЦП кілт «Электрондық құжат және электрондық қолтаңба туралы» заңының 10-бабына сай, электрондық цифрлық қолтаңба басқа тұлғаларға берілуге жатпайды, сондықтан У.Байдуановтың әрекетіне құқықтық баға берілу қажет деп Жамбыл облысы прокурорына нұсқау енгізген, нұсқау қылмыстық іске тіркелген (14-том, іс беттері 10; 40), содан кейін ақша Қазынашылық арқылы жұмысшыларға аударылған). 6) Куә Ж.Адильбекованың сотта берген жауабына сай, ол 2014-2018 жылдары ол «Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімі» КММ-нің есеп секторының есепшісі болып жұмыс істеген. Тарификациялық тізімде көрсетілген сомамен есеп-айырысу ведомостында есептелген соманың айырмашылығы мектептерде мұғалімдердің бір-бірін жиі алмастыруы себебінен көбею бағытында болады. Осыған байланысты, есеп айырысу ведомостында көрсетілген сомамен тарификациялық тізімде көрсетілген соманың айырмашылығын, себебін білетіндіктен, ешкім анықтамайтын деп көрсетті.

Г.Уркумбаева бір эпизод бойынша (Алибекова Камилаға қатысты ҚР ҚК 190-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша сотқа берілген №3111-20-00-1/35 қылмыстық іс бойынша) сотталған К.Алибековамен бірлесіп, 2 (екі) есеп айырысу ведомостын жасап отырған. Тексеру комиссияларына шынайысын көрсетіп отырған. Бұл фактіні аталған қылмыстық істегі К.Алибекованың жауабынан көруге болады. Алибекова Камилаға қатысты қылмыстық іс №193100131000093 (20142019 жж) кассациялық шағым беріліп отырған қылмыстық істен бөлінген және Жамбыл облысының Тараз қалалық №2 сотында (судья Байдаулетова Ж.Е.) қысқартылған тәртіппен қаралып, 24 ақпан 2020 жылы Алибекова Камилаға қатысты үкім шыққан, сөйтіп, ол бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, бірақ қазіргі таңда асырауында кәмелетке толмаған баласы барын ескеріп, сот жазаны орындауды кейінге шегерген. Үкімге Алимкулова Аймкүлдің қорғаушысы Н.Жазылбековтың атынан Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына 25.06.2021 жылы апелляциялық (жеке) шағым берілді. Өйткені, Алибекова Камила есептеу бөлімінің бухгалтері болып жұмыс атқарған және сектор меңгерушісі Г.Уркумбаеваның қол астында істеген, еңбек шарты және функционалдық міндеті бойынша оған тікелей бағынышты болған және Г.Уркумбаеваның туған келіні екендігі сот барысында анықталды. Сонымен қатар, К.Алибекова қылмысты Г.Уркумбаевамен бірігіп жасаған. Қорғаушы Н. Жазылбековтің апелляциялық (жеке) шағымы Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасында келесі құрамда: төрағасы М.Д. Атибеков және алқа судьялары Н.А. Жумагуловтың және Г.К. Нурлыкуловтың қатысуларымен қаралып, 2021 жылдың 13 тамызында қанағаттандырусыз қалдыру туралы №1А-218/2021 қаулысы шығарылды. Сондықтан, қорғаушылар Алибекова Камилаға қатысты №3111-20-00-1/35 қылмыстық істі сот мәжілісіне алдырып, бірге қарау туралы өтініш хатты бірнеше рет мәлімдеді. Сот инстанциялары заңсыз қолдамады. 8) Айыптау актісінде тергеу органы сотталушылардың, соның ішінде А.Алимкулованың функционалдық міндеттерін атап жазған, бірақ қылмыстық іске тіркемеген және қылмыстық іс материалдарының тізімдемесіне енгізілмеген. Осы себеппен қорғаушы тарап прокурордың қылмыстық іс материалдарының тізімдемесіне енгізілмеген А.Алимкулованың функционалдық міндеттері бекітілген құжаттарды іске тіркеуіне қарсылық білдірдік. 9) Сонымен қатар, Жамбыл облысы, Тараз қалалық №2 сотының судьяларын немесе толық құрамын Алимкулова Аймкул Нурпеисовнаға қатысты қылмыстық істі қараудан шеттетуді сұрап, қорғаушы тарап 26.07.2021 жылы Жамбыл облысы, Тараз қалалық №2 сотының судьяларына және толық құрамына қарсылық білдірді. Өйткені, аталған соттың төрағасы Ғ.Аманбаев қылмыстық істің нәтижесіне жанама мүдделі, оның себептерін біз қарсылықта уәждаған болатынбыз (Қарсылық іске тіркелген). Алайда, Тараз қалалық №2 сотының судьясы Б.Төребекұлы және аталған соттың төрағасы Ғ.Аманбаев істі сол деңгейдегі басқа сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жоғары тұрған сотқа жолдамай, өздері шешім қабылдап, қарсылықты қанағаттандырмады. 10) Айыптау актісінде «Г.Уркумбаева 2008 жылы №51 орта мектебінің директоры Б.Ж. Сапаралиеваның сеніп тапсырған электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы соңғыдан қылмыстық ойын жасырып, төлем тапсырмасына қол қойып, келесі қаражаттарды заңсыз аударып жымқырған» деген дерек келтірілген (Айыптау актісі, 4-бет). Сондай-ақ «Сөйтіп, Г.Уркумбаева 2011 жылдың қаңтар айында №51 орта мектебінің жұмысшыларының жалақы, демалыс, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша жәрдемақылар, сондай-ақ жұмысшының сауығуына жәрдемақы төлеу үшін жұмыс уақытын пайдалану есебінің табелі негізінде есеп айырысу-төлем ведомостын қалыптастыра отырып, оған аталған мектепте жұмыс атқармайтын өзінің танысы Р.Капарованың анкеталық мәліметтерін және карталық шотының нөмірін көрінеу жалған енгізіп және оған жалақы түрінде аударылатын 49 827 теңгені заңсыз көрсетіп, оны №51 орта мектебі жұмысшыларына есептелген ақша қаражатын аудару жүктелген КММ-нің бухгалтерлік есеп және қазынашылық секторының есепшілеріне тапсырып, төлем тапсырмасын қалыптастырып, бас есепші Д.Инкарбековаға ЭЦҚ-мен қол қою үшін жолданған. Өз кезегінде, бас есепші Д.Инкарбековаға Г.Уркумбаеваның аталған есеп айырысу-төлем ведомостына және төлем тапсырмасына Р.Капарованың мәліметтері көрінеу жалған енгізгенін біле тұра, Г.Уркумбаева және А.Алимкуловамен бюджет қаражатын ірі мөлшерде иемденіп жымқыруға алдын ала сөз байласқандықтан, ЭЦҚ арқылы қолын қойып, төлем жасау үшін КММ-нің басшысына жолдаған» деген фактілі деректер келтірілген (Айыптау актісі, 13-бет). Жамбыл облыстық әкімшілігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы С.Қойбақовтың, адвокат Н.Кусаинованың адвокаттық сауалына берген мәліметінше, Жамбыл облыстық әкімшілігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімі ЭЦҚ кілтін 2013 жылдан бастап қана қолдана бастаған. 2013 жылға дейін құжаттарға қол қағаз жеткізгіштерде қойылып келген. РММ «Жамбыл облысы бойынша қазынашылық департаментінің» жетекшісі Н.Т.Тойбаевтың 18.04.2022 жылғы №7-9-7-9-57/ЖТ-К-6 адвокат Н.Кусаинованың адвокаттық сауалына берген мәліметіне сәйкес, РММ «Жамбыл облысы бойынша қазынашылық департаменті» мен КММ «Тараз қаласының білім басқармасының» арасында электронды цифрлық қолтаңба алу жөніндегі келісім 15.03.2013 жылы жасалған. Келісім ҚР ҰКО (НУЦ) тіркеу орталығынан электронды цифрлық қолтаңба алу үшін негіз болып табылады делінген. Тараз қаласы білім бөлімі ЭЦҚ кілтін 2013 жылдан бастап қана қолдана бастаған болса, жоғарыда айтылғандай, мектеп директоры мен бас бухгалтер ЭЦҚ арқылы қол қойды деген деректер шындыққа жанаспайды. Апелляциялық сатыда аталған мәселеге қорғаушы тарап алқа мүшелерінің назарын аударды. Сондықтан, істің мән-жайларын дұрыс анықтау үшін, істі қайта тергеуге жіберуді сұрадық. Бірақ апелляциялық алқа қорғаушы тараптың өтініш хатын негізсіз қанағаттандырусыз қалдырды! Алимкулова Аймкүл Нурпеисқызы мен Іңкәрбекова Дана Сершібайқызы олардың іс-әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталуы тиіс!

Назкен КУСАИНОВА, Талғат БАЛАШОВ, Нуралан ЖАЗЫЛБЕКОВ, қорғаушылары, Алматы қаласының адвокаттары

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....