«Жабайы Арман» «тамырын кескен». Неге?

Бұл туралы желі қолданушысы Ораз Әлімбеков өз facebook парақшасында жариялады

«ІІМ-нің тергеу изоляторында «Жабайы Арман» өзіне қол жұмсап өлмек болған, ол «тамырын кескен» деген ақпарат бар. Оны ҰҚК-нің тергеу изоляторына ауыстырып жіберудің бір себебі осы жайт болса керек.
Кейбір мәлімет бойынша, қатты қысымға шыдамаған «Жабайы Арман» қылмыс әлемінің серкесі «Леха Маймышқа» «жала жауып», «Қанды қаңтар» оқиғасында «соның нұсқауымен ойран салғанын» айтыпты. «Жабайы Арманның» дәл осындай куәлік бергені және оның сотқа жетпей өзіне қол жұмсап өліп кеткеніне көп адам мүдделі. Тіпті оны қорғауға алған ақысы қымбат үш адвокат та, полиция да «ертегінің» осылай аяқталғанын қалайтын сияқты.
«Жабайы Арман» да өлуге бейіл. Себебі, «Маймышқа» жала жапқан соң, оны қандай түрмеге тығып қойса да, «Жабайы Арманды» қылмыс әлеміндегі бұрынғы авторитетінен жұрдай қылып, әбден қорлап өлтіреді. Қылмыс әлемінің пәтуасы қандай болатыны қазірдің өзінде белгілі.
«Жабайы Арманның» тірі куә болып қала беруіне бір ғана адам мүдделі. Ол -Путин. «Жабайы Арманның» «бозғұрттармен» (Сұр қасқырлар) және сәләфилермен байланысы көзге ұрып тұр. «Жабайы Арман» осы жағдайды нақтылап, тәптіштеп куәлік беруі тиіс. Бұл компроматты Путин Қазақстандағы абициясы асып тасып тұрған бір кланға және Ердоғанға қарсы пайдалану үшін сақтап қояды.
Суретте: «Бозғұрттардың» белгісін қолымен көрсеткен «Жабайы Арман» оғыздар авторитет санайтын қылмыс әлемінің серкесі «Гулиді» құшақтап тұр. Екеуі де Е.Ердоғанды «Президентім» деп санайды» деп жазды.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...