Жақып Асанов Жоғарғы Сот төрағасы қызметінен босатылды

Жақып Асанов Жоғарғы Сот төрағасы қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын ұсынған болатын. Сенаторлар Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын мақұлдады. Ол ант қабылдады.

Жақып Асанов 1963 жылы Қызылорда қаласында туылған. 1985 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған, сосын Қызылорда облыстық адвокаттар коллегиясына машықтанушы (стажер) болып еңбек өтілін бастаған. Жарты жылдан кейін Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі болып тағайындалады.

Жақып Асанов 2017 жылы желтоқсанда Жоғарғы Сот төрағасы болып тағайындалған еді.

«Бәрі бекер!»: Боқаев гранит тақталарды сәтсіз түсірген орындаушыларды балағаттады

Кезекті сот отырысының іс материалдарын зерттеу барысында Боқаевтың мобилографы...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық - қоғамның дамуына кері әсерін тигізетін, мемлекеттік...

Судья әдебі — сот беделінің негізі

Судья әдебі - сот билігінің беделін айқындайтын маңызды өлшемдердің...