Жақсылық жасауға жаны құштар Ақмарал

Қайырымды, мейірімді  адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық  жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды.

Міне, осындай жанашыр жанның бірі ЗК-169/1 тергеу изоляторының әділет аға сержанты Тоқжолова Ақмарал Жармаханқызы.

Мекеменің БӨБ- інде бақылаушы болып жұмыс жасайтын сержант, соңғы жылдары мекеме қызметкерлерін қайырымдылық жасауға шақырып, игі істің бастамашысы болып жүр.

Өйткені ол, мұқтаж жанға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршауды өзінің адамгершілік борышы деп есептейді.Қайырымдылық жасау қазақтың қанында ежелден бар қасиет. Мен де отбасында ата — анамнан халі мүшкіл жандарға қолдан келгенше жақсылық жасап, барыңмен бөлісу керек деген тәрбиемен өстім. Содан болар, айналамызда көмекке зәру жандарға материалдық, рухани тұрғыдан  қолдау білдіріп, ізгілікке толы сауапты істермен айналысуды жөн санаймын. Осыған орай, мекеме қызметкерлеріне Қасиетті Рамазан айында қайырырымдылық жасасақ деген ойымды білдірдім.

Жаны жомарт жеке құрам мен ерікті жалдамалы қызметкерлер бұл ісіме, қолдау көрсетті.

Соның нәтежиесінде, жалғыз басты көп балалы ана мен мекеменің зейнеткеріне азық- түлікпен және қаржылай көмек көрсетілді- дейді, аға сержант Ақмарал.

Ия, бұйрық бойынша мейірімді және қайырымды бола алмайсың, қайрымдылық мейірімді жүректен шығады.

«Өркениетті қоғамға оның балаларға және қарттарға, яғни қорғансыз адамдарға қарым-қатынасына қарап баға беруге болады» деп бекер айтпаған.

Олай болса, сол қоғамның бір бөлшегі ретінде, қолдауға зәру әлжуаз тобына жылда осылай қарайласып, материялдық тұрғыдан қарайласуды ұйымдастырып жүрген аға сержант пен тергеу изоляторы қызметкерлерінің бұл ісі өзгеге үлгі боларлық, құптарлық жағдай екені анық.

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...