12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жақсыда жаттық жоқ

Әміров Сарманқұлұлы Досжан Жамбыл облысының тумасы екендігін әсіресе біздің сот саласында білмейтін адам жоқ десем артық болмас. Досжан ағамызды азамат ретінде қысқаша мінездейтін болсақ, онда қазақы тәрбие көрген ұлт жанды сонымен қатар өжет еразамат десем артық болмайды. Ал енді кәсіби тұрғыдан айтар болсақ өз ісінің анық кәсіби маманы, өте жоғары біліммен адами қасиетті бірге ұстайтын тұлға. Осындай азамат ағамызбен жерлес болғанымды мақтан тұтамын.
Жалпы, Байзақ ауданы осындай кереметтей нар тұлғалар шыққан бай өңір десем қателеспеймін. Бұл сөзіме дәлел ретінде грек-рим күресінің палуаны, олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, ақын-жазушы Бекбосын Арғынбай, айтыскер ақындар Мұхамеджан Тазабек пен Әзімбек Жанқұлиев, актер Тұңғышбай Жаманқұлов, Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов, ақын Қасқырбай Нарбатыр және сол сияқты дарынды тұлғалар дүниеге келген.
Қазіргі таңда Досжан ағамыздың Ақмола облыстық сотының төрағасы лауазымында жұмысын атқарып жатқандығы жайлы барлығына мәлім. Әрине, еліміздің басты облысы сотының төрағасының жұмысын атқару оңай емес. Алайда, Досжан аға сот саласындағы өз жұмысын алға тартып, ойдағыдай атқарып, үлкен көрсеткішкештерге қол жеткізуге өз үлесін қосуда. Соның нәтижесінде Ақмола облыстық соты еліміздің бетке ұстар соттарының біріне айналғаны анық.
Осындай дарынды тұлғаның өмірбаянына тоқталсам — Әмір Досжан Сарманқұлұлы  6 сәуір 1962 жылы Жамбыл облысы Свердлов ауданы (қазіргі Байзақ ауданы) Чапаев совхозында дүниеге келген.
Досжан аға сот жүйесінде еңбек жолын 1989 жылдың шілде айында Солтүстік Қазақстан облысының Темирязев аудандық сотының судьясы болып бастаған. Ал 1990 жылдың наурыз айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының Ленин аудандық сотының судьясы болып жұмыс атқарған. 1990 жылы қараша айынан бастап Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мүшесі болып сайланған.
1999 жылдың қараша айы мен 2002 жылдың қазан айы аралығында Қарағанды облысының Теміртау қалалық сотының төрағасы, ал 2002 жылдың қазан айы мен 2007 жылдың наурызы аралығында Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, 2007 жылдың наурызынан 2010 жылдың ақпан айына дейін Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымында қызмет атқарған. 2010 жылдың ақпан айында Жамбыл облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы болып тағайындалған.
Әңгіменің арасында ағамызды қай уақыттан бері және қандай жағдайда танығандығымды, сонымен қатар ол кісіге деген көкейімде көптен жүрген шынайы таңырқауымды айтып, ағымнан жарылып, сыр ақтарып, өткен шақтан бір қызықты сәтті айта кетсем деген едім.
Мен, сот саласындағы еңбек жолымды 2007 жылы туған жерім Жуалы аудандық сотында маман, бас маман, сот хатшысы қызметтерін атқарудан бастап, 2013 жылға дейін, яғни Қостанай облысы Рудный қалалық сотының судьясы лауазымына тағайындалғанға дейін жұмыс жасаған болатынмын. Есімде, сол уақыт аралығында Досжан ағамыз Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымы қызметін атқаруға кіріскен болатын.
Досжан ағамыз бұл лауазымға келгелі өзінің білгірлігін, өзіндік харизімімен өз кәсібінің маманы екендігін паш етіп, өзінің болмысы мен аурасымен адамға сес берердей мықты тұлға ретінде көрсетіп, талайды тамсандырып, таңылайын қақтырды десем артық кетпеймін. Өйткені, мұндай тұлғаның жоғарыда атап кеткен мінезімен қасиеттерін байқамау мүмкін емес еді. Яғни ағамыздан ерекше ерге тән қасиет бар екендігіне сол кезде көзім жетіп, судья болсаң осы кісідей болу керек деген өзіме бір балалық идеология қойған болатынмын.
Өзім сот маманынан бас маман-сот хатшысы лауазымына ауысып, сот төрағасының хатшысы қызметіне бел буып кіріскен сәтім еді. Ол кезде Жуалы аудандық сотының төрағасы Байқадам Ермекұлы болатын. Таңертеңгі уақыт төрағаның кабинетіндегі арнайы «SIP», яғни соттар арасындағы ішкі байланыс телефонына қоңырау шалынды. Мен қызметтік қажеттілікпен төрағаның кабинетіне кірген сәтте, ол кісі телефонның тұтқасына қарады да түрінде бір сескену сезімі пайда болып, орнынан атып тұрып: «Алло, мен сізді тыңдап тұрмын Досжан Сарманқұлұлы» дегенін естідім. Сол сәтте біз үшін үлкен бір бастық болып танылатын азаматтың орнынан атып тұрып, дәл солай сәлем беруі және өзін бір әскери қызметтегі кіші «лейтенанттай» ұстағандығы әрине мені таң қалдырды. Бірақ, өзім Досжан ағамызды көріп білмеген соң, «Менің астығым кіммен сөйлесті екен» деген ойда қалдырды.
Арада біраз уақыт өте келе таңертеңгі уақыт сағат шамамен 08:40 еді. Біздің соттың алдына бір бейтаныс көлік аула ішіне кіріп, сот есігінің алдына бір-ақ тоқтады. Біз әріптестерімізбен әдеттегідей таңертеңгі жұмыс уақытына дейінгі әнгімемізді айтып тұрған сәт еді. Жаңағы көліктің артқы есігі ашылып, артында ұялы телефонмен сөйлесіп отырған көзінің жанары көңіліңе «Бұл кім екен костюмді сықитып киіп, дауысы қатаң адамға сес беретіндей» деген ой тудыратын азаматты байқадық. Сол сәтте ішімізде бұрынан сот саласында жұмыс жасап жүрген жігіт «Мәссаған, бұл «Амировқой» дегені сол ақ екен барлығымыз қалай сот ғимаратына кіріп кеткенімізді және лезде сот ішінен судья А.Замбаевтың жүгіріп шыққанын түсінбей де қалғанбыз. Ол судья — кісі өзі алып денелі болғандықтан жүгіргені бізді, әрине, таңқалдырды. Ол кісі өз кезегінде жылдам амандасып, сасқалақтап, сот төрағасының жұмыс бабымен аудан әкімдігіне қарай шығып кеткендігі туралы айтқаны әлі есімде. Сол-ақ екен Досжан ағамыз шапшаң басып, сот кеңсе меңгерушісінің кабинетіне кіре сала, компьютеріне отырды да, қылмыстық істердің кестесін қарап, «Таак, маған мына екі істі әкеліп беріңіздер» деді де, ары қарай архивке кіріп кетті. Ол екі іс жекеше айып бойынша қозғалған істер болатын және әлбетте процессуалдық құжаттары рәсімделмегендіктен тиісті тігілмеген болатын.
Осылайша, Досжан ағамыздың кәсіби тапқырлығы мен ой ұшқырлығы және табиғи сезімталдығы, тиісті рәсімделмей тұрған істі дүп сезгені, күні бүгінге дейін мені таң қалдырады.
Тағдырдың тәлкегі болар, 2017 жылы Досжан ағамыздың туған жері Байзақ ауданына соттың төрағасы болып тағайындалдым.
Әлі есімде – менің тағайындалуымнан кейін сол 2017 жылы Досжан ағамыз өзі аудандық сотқа келіп, кабинетіме кіріп мені құттықтаған болатын. Ол кезде ағамыз Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола облыстық сотының төрағасы қызметін атқаратын. Яғни, осындай үлкен лауазымда бола тұра мені құттықтауға келгені мен үшін үлкен мәртебе болды. Жасыратыны жоқ, қуаныштан төбем көкке бір-ақ елі жетпей қалды десем артық кетпеймін. Бұл деген – ағамыздың болмысы мықты бола тұра, кішіпейілділігін де көрсетіп отыр деген сөз.
Мен өз кезегімде, Байзақ аудандық сотының төраға қызметіне келген соң Досжан ағамыз жайлы оның жерлестерінен, үлкен ақсақалдардан көп жақсы сөздер мен оның жақсы қасиеттері туралы әңгіме өрбігенін байқадым. Осы кезде ағамыздың дарынды, адамгершілігі мол, керемет жан екендігіне тағы да көзім жетті.
Тағы бір айта кетері ол — Досжан Сарманқұлұлы Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымы қызметінде жүргенде өзін тек кәсиби маман ғана емес, сонымен қатар спорттан да хабары бар азамат екендігін көрсетті. Жамбыл облысы сот саласындағы көптеген судьялар мен мамандарды спортқа баулып, оларды нағыз спортсмендерге айналдырған еңбегі де бар. Сонымен қатар, сол кезеңдегі соттар арасында өткізілген жарыстар ағамыздың бастамасымен ұйымдастырылатыны да шындық. Бұл деректердің барлығы да ағамыздың жан-жақты азамат екендігінің көрсеткіші деуге толық мүмкіндік береді.
Әсіресе ағамыздың өз елінің, өз жерінің, өз Отанының шынайы патриоты екендігін аса айтқым келіп отыр. Өйткені ол ең қасиетті дүние — ана тілін құрметтеген, тілге деген жанашырлығы басым азамат.
Солтүстікке жақын өңіріміздегі менталитеттің орыс тілінде молынан қарым-қатынас жасауға бейімделгені белгілі. Сондай бұрыннан қалыптасып қалған тіл қарым-қатынасын кері бұрып, ана тілімізге бейімдеу әрине өжеттілік мол еңбекті талап етеді. Алайда, ағамыз мұндай кедергілерді жол бойы еңселеп келері барлығымызға қолжетімді ғаламтордағы «Facebook» қосымшасынан да белгілі.
Ақын С.Торайғыровтың ана тілі жайлы:
«Сүйемін туған тілді – ана тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін» — деп жырға қосқандай Досжан ағамызда да өз тілін сүйетін адам. Олай айтқан себебім – ағамыз Жамбыл облыстық сотта жұмыс атқарып жүрген кезінде сот саласындағы сот өндірісінің құжат айналымына аса назар аударып, мемлекеттік тіліндегі үлесін неғұрлым көтеру бағыттағы жасаған жұмыстары өз кезегінде жақсы нәтижелер берген болатын. Тіпті, Досжан ағамыз қазірдің өзінде ғаламтор желісіндегі «Facebook» жеке парақшасында да, әлі күнге дейін мемлекеттік тілде посттар, Қазақ Билері жайлы мақалалары жиі жарияланып тұратынына куә бола аласыздар.
Мінекей, «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» дегендей Досжан ағамыз жайлы қысқаша өз ойымды дәл осы тұрғыда білдіруді жөн деп санап, кішігірім очерк ретінде келтіріп отырған жөнім бар.
Сондай-ақ, нар тұлға ағамызды адам өмірінің айтулы белесі 60 жасқа толу мерейтойымен шын жүректен құттықтап, жан-тәніңізбен бар қажырлығыңызды аянбай атқарып жүрген оның ішінде сот саласын дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз үшін үлкен алғысымды білдіріп, Сізге зор ден-саулық, отбасыңызға баянды бақыт тілеймін!
Атқарып отырған қызметіңізде абырой биігінен көріне беріңіз! Отбасыңыз, әріптестеріңіз үшін зор мақтаныш, жас ұрпақ үшін нағыз бетке ұстар өнеге екендігіңіз даусыз. Әлі де рухани және кәсіби тұрғыда халыққа, сот саласына бергеніңізден береріңіз көп деп сенемін.
Шын жүректен құттықтауымды өзіңізге арнап жазылған Сіздің жерлесіңіз, құрдасыңыз және замандасыңыз ақын Қасқырбай Нарбатырдың өлең жолдарымен де қабыл алыңыз:

  • Көріп жүрміз біз Сізді сапта нағыз,
  • Сіздей ерден үйреніп бақ табамыз.
  • Байыпты бір перзенті біздің жақтың,
  • Өзіңізбен Дос аға, мақтанамыз.
  • Азаматсыз көргені, білгені көп,
  • Жүзден жүйрік шыққансыз жүлделі боп.
  • Жоғарыдан тек қана көрейік біз,
  • Аса беріңіз қашанда ілгерілеп. (Ақын Қасқырбай Нарбатыр).

Ерғазы Тілеубеков,
Жамбыл облысы, Байзақ аудандық сотының төрағасы.

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...

Жастар мәселесі жалтақтықты көтермейді

«Сот пен дәрігері жоқ жерде өмір сүрмеңіз» дейді халық...