12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жастар мәселесі жалтақтықты көтермейді

«Сот пен дәрігері жоқ жерде өмір сүрмеңіз» дейді халық даналығы. Сол сияқты ащы да болса осыған қарма-қарсы айтылатын: «Сот пен полицияға күніңді түсірмесін» деген тағы бір өңменіңнен өтер өкпелі сөз бар. Қоғамдағы екі түрлі пікір, неліктен? Біз кейде «ел болған соң айтады да» деп мән бермеген  боламыз. Ал, менің ойымша бұл дұрыс емес. Ой жүгіртіп, мәселенің байыбын талдап көретін болсақ, мұның мәнісі тереңде жатқан сияқты.

Осы арада бірер мысал келтіре кетейік.

Қазіргі кезде жастар арасында жұмыссыздық деңгейі белең алып отырғаны жасырын емес. Есесіне, жөнді-жөнсіз жарнамаларға еліктеп, шетелге жұмысқа барғысы келетін жастардың қатары молайып отырғанын әлеуметтік желілерден, ақпарат құралдарының хабарламаларынан байқап қалып жүрміз. Сол тұрақты жұмысы жоқ жастарымыз, студенттер шоғырының арасында шағын қаржы ұйымдарынан қаражат алып жүргендерін де кездестіруге болады. «Ертең-ақ стипендиямнан төлеп тастаймын» немесе «1-2 күн жұымыс істесем төлеп жіберемін» деп ойлайды солардың көбі. Жоқ, қарыз жамала береді. Енді олар екінші қаржы ұйымынан қаражат  алып, біріншісін жабады, үшіншісінен алып, екіншісін жабады. Ал пайыз өсіп жатыр. Мұның үстіне жастарымыз қоғамдағы ең әлсіз топ екендігі аян. Олар алаяқтардың арбауы мен алдауына да оңай түсіп қалады. Сонымен, қорыта келгенде, қарыз үстіне арыз жазылып, оларды құқық қорғау органдары іздейді, іс қозғайды. Сот міндетті төлем жасату үшін шешім шығарады. Кім жаман? Сот пен полиция жаман,  «күніңді түсірмесін» дейді.

Ал осындайда күніне он жиналыс ашып, тренинг өткізіп, мемлекетке «тіреу» болғысы келіп жүргендер, қоғам белсенділері қайда қалып отыр? Жұмыссыздықпен күрес, жастарымызға қамқорлық жасау әкімшілік пен қоғамдық ұйымдардың бірлесіп шешетін, талдаулар жасап, ұсыныстар айтатын алғашқы баспалдақтары емес пе деген ой келеді.

Мұндай мәселелер айтылғанда ата-ананы, мектепті кінәлап, бар запыранды соларға төгетініміз де жасырын емес. Ал ақпарат қауіпсіздігіне, әлсіз заңдарға шектеу қоюға, тоқтамға алуға келгенде жайбасарлықтан арыла алмай келеміз. Елімізге ағылып келіп жатқан босқындарға, арзан жұмыс күшін ұсынатын келімсектерге барымызды беріп, солар «әйт» десе, «ләппай» дейтін, онысын «тыныштық керек» деп, жауырды жаба тоқитын кейбір азаматтарымызға: «Алдымен өз еліміздің жастарына, азаматтарына жағдай жаса. Артылса, арғы жағын көрерсің» дейтін ел ағалары қайда қарап қалды деген де ой мазалайтынын несіне жасырамыз.

Кешегі қаңтар оқиғасының себеп-салдарына үңілген сарапшылар елдегі жұмыссыздық пен әлеуметтік теңсіздіктің орын алуы, қылмыстық оқиғаларға себеп болғанын айтып, өз ойларын білдірді.

Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы оқиғадан кейін  халық алдында сөйлеген сөзінде: Қазақстан үшін дамудың жаңа кезеңі басталғанын, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін үкіметке нақты тапсырмалар жүктелгенін айтқан болатын. Ендеше, әрбір азамат үшін еліміздің егемендігі – басты құндылығымыз, баға жетпес байлығымыз болып жастар санасында орнығуы керек. Қылмыспен күресте оның себеп салдарына жан-жақты мән беріп, жастыр арасында адалдықты, елге деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың орны айрықша. Бұдан шығатын қорытынды: қоғамның, елдің жанына батқан мәселелерді шешу кезінде алдымен оның себебімен күресіп, соны емдегеннің шипасы болатынын ата-бабаларымыз өсиеттеп қалдырғанын ұмытпағанымыз абзал. Ал болған істің салдарынан қашып құтыла да, аттап кете де алмайсың. Сондықтан, құқық қорғау органдары, мемлекеттік ұйымдар болып бірлесе қимылдап, адами құндылықтарымыз бен әділ заңның үстемдігі үшін, мемлекетіміздің тірегі – жас өскіндеріміздің алаңсыз өмірі мен жарқын болашағы үшін аянбай, талмай еңбек етуіміз керек.

А. Налибаев,

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі

ауданаралық сотының судьясы

Эксаумақтық соттылық — сотқа деген сенімді нығайтады

Эксаумақтық соттық – сот жүйесіндегі соңғы жаңашылдықтардың бірі. Азаматтық...

«Мемлекеттік тілді қолдану аясын дамыту»

Мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты, өйткені ата-бабамыздан келе...

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...