12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Е-Апостиль» ақпараттық  жүйесінің тиімділігі

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 58 бұйрығымен бектілген «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарға экстерриториалдық қағидаты бойынша апостиль қояды.

Апостиль – құжатқа қол қойған тұлғаның қолының және оның өкілеттіктерін растайтын, сондай-ақ осы құжатта бекітілген мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалылығын қағаз түрінде немесе электрондық нысанда куәландыратын арнайы мөртаңба болып табылады.

Бүгінде «Е-Апостиль» сервистік бағдарламасы Гаага конвенциясына қатысушы елдер –Андорра, Аргентина, Армения, Австралия, Австрия, Әзірбайжан, Бахрейн, Бельгия, Боливия, Бразилия, Болгария, Чили,  Кытай (Гонконг), Колумбия, Коста-Рика, Доминикан Республикасы, Эстония, Грузия, Гватемала, Ирландия, Корея, Косово, Латвия, Мексика, Молдова, Марокко, Жаңа Зеландия, Никарагуа, Парагвай, Перу, Филиппин, Румыния, Ресей Федерациясы, Словения,  Испания, Тәжікстан, Украина,Ұлыбритания, АҚШ, Уругвай, Венесуэла елдерінде іске асырылуда.

«Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі – құжаттарды тіркеуге және апостиль «мөртаңбасын» электрондық түрде беруге арналған, апостиль қойылған құжаттардың орталықтандырылған есебі мен бірыңғай мұрағатын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

Бұл ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда қызмет алу үшін тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, портал арқылы өтініш береді.

Апостиль қою үшін ұсынылған құжат сканерленген құжаттың түпнұсқасын сканерлеу арқылы жүзеге асырылады (ксерокөшірмелерден сканерлеуге жол берілмейді).

Электрондық апостиль қою үшін ұсынылатын сканерленген құжат түпұсқаға дәлме-дәл сәйкес келуі тиіс, түзетулерге немесе мәтінді шимайлауға  жол берілмейді.

Қызметті беруші ресми құжаттағы лауазымды адамның қойған қолы мен мемлекеттік органның мөр бедерінің қолда бар үлгілерге сәйкестігін, сондай-ақ ресми құжатқа қол қойған лауазымды адамның ресми құжатқа қол қоюға өкілеттіктерінің болуын тексереді.

Одан әрі ұсынылған құжаттарға жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Өтінішті және қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде өтініш келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оның «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.

Қызметті алушының өтініші мен ұсынылған құжаттары талаптарға сәйкес келген жағдайда, қызметті беруші апостильдеуге жататын электрондық құжатта Е-Апостиль ақпараттық жүйесі арқылы электрондық апостиль қалыптастырады және уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ЭҮШ арқылы қызметті алушының «жеке кабинетіне» порталға  жібереді.

Электрондық апостильдің астында қызметті берушінің электрондық парағының мекенжайы (веб-параққа сілтеме) көрсетіледі. Электрондық тіркелімде электрондық апостиль қойылатын құжаттар бойынша тіркеу жүргізіледі.

Апостиль мөртаңбасының нысанынан тыс жерде төменде «Осы   апостиль   тек   қол   қойған   адамның   қолының,   лауазымының/атағының түпнұсқалылығын   және   құжатқа   қойылған   мөр   мен   мөртаңбаның   түпнұсқалылығын куәландырады және ол қойылған құжаттың мазмұнын растамайды» деген мәтін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін барынша оңтайландырылу мақсатында қызмет алушылардың құжаттарын қабылдауы электрондық түрде жүзеге асыру басты міндетіміз болып саналады.

Электрондық апостиль азаматтардың уақытын үнемдеп, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдетеді деген сенімдеміз.

Түркістан облысының Әділет

департаментінің  тіркеу қызметі саласындағы

әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің

бас маманы, «Қазақстанның  заңгерлер одағы» 

РҚБ Түркістан облысы бойынша филиалының мүшесі

Ж.Ш.Орынбаева

 

 

 

Ұлт мақтаныштарын топтастырған «300 қайраткер» энциклопедиясы

Желтоқсан айы жыл бойына жасалған істердің қортынды айы деуге...

ТӘЛІМГЕР ЖОЛЫ -ЖАС ПОЛИЦЕЙ ҮШІН ҮЛГІ-ӨНЕГЕ

Тәлімгер болу- үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әсіресе, Ішкі істер...

ЖАСТАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРУДА

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастар арасында...

25 декабря психологи отмечают свой профессиональный праздник

Именно 25 декабря 1879 года Вильгельм Вундт немецкий психолог...