12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тіл – мемлекет саясатының ажырамас бөлігі

Ана тілі кез келген халықтың түп қазығы әрі мемлекеттің басты белгісі. Тәуелсіз еліміздің болашағы өз тілі, яғни, қазақ тілімен ғана  жарқын болады. Осы себепті, тіл саясаты  мемлекетіміздің ұлттық саясатының ажырымас бөлігі саналады. Мемлекеттік тілді жетік меңгеру және осы тілде сөйлеу әрбір қазақстандықтың  азаматтық борышы.

Алаш ардақтысы Халел Досмұхамедұлы «Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате» деуі, бұған қоса ақын Қадыр Мырза-Әлінің:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте -деп жырлауы бекер емес.  Адам баласы барлық тілді білу абзал, бірақ, ана тілін білмеу ұят екенін ұғынуы тиіс.

Тәуелсіз ел болғанымызға отыз жылдан асса да, мемлекеттік тіл мәселесінің әлі күнге дейін өзектілігін жоймауы елдігімізге сын.

Мемлекетімізде қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мақсатында түрлі бағдарламалар қолға алынып, ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бастысы ретінде Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады.

Бағдарламада мемлекеттік тілдің нормативтік базасын күшейту жөніндегі шараларды іске асыру, сондай-ақ, оны түрлі әдістермен, мысалы, ынталандыру, көтермелеу, т.б. жетілдіру арқылы ғылым және білім, экономика, қаржы, басқару, сот ісін жүргізу, заңнама, БАҚ пен интернет салаларында  қолданыс аясын кеңейту көзделген.

Республикамыздың Бас Заңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі екені анық жазылған. Сондықтан, ел азаматтары Конституцияға бағынулары тиіс. Өйткені, қазақ тілі  еркіндігімізді баянды етер басты байлығымыз.

Даналарымыз айтқандай, өз халқын, оның тілін қадірлемеген адам басқаны да қадірлемейді. Өкінішке қарай, дәл осы жағдай мемлекеттік тіл мәселесінде көрінуде.

Президент жолдауында айтылғандай, «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді». Бұл үшін Қазақстандағы әрбір адам ең алдымен өзінің мемлекеттік тілге деген көзқарасы мен отбасындағы тіл саясатын түзеуі шарт. Қазақ тілінің тағдыры әрбір азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметіне тәуелді екенін ұмтпайық. Себебі, адамның отаншылдығы туған туған тілін сүюден басталады.

Мемлекеттік тілде сөйлейтін тілдік ортаны қалыптастыру жалпы елдік іс. Осы ретте Қазақстанның әрбір азаматы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Шындығында, тілдік проблеманың үлкен саяси мәні мен маңызы бар. Тіл мәселесіне бей-жай қарап, немқұрайдылық танытатын болсақ, мемлекеттігіміз бен ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп алуымыз мүмкін» деген сөзін жадымызға түйіп, қазақ тілінің көсегесін көгерту мақсатына бет бұруға тиіспіз. Мұны уақыттың өзі талап етіп отыр.

Жадыра Исагулова,

Алмалы аудандық №2 сотының судьясы

Алматы қаласы

Легендарный судья-фронтовик

МУЗЕИ, АРХИВЫ И ДРУГИЕ ЦЕНТРЫ КУЛЬТУРЫ АКТИВНО ИСПОЛЬЗУЮТ СВОЙ...

Голос манипуляции: не стать жертвой мошенников

ТЕЛЕФОННОЕ МОШЕННИЧЕСТВО – ЭТО НЕ ТЕХНИЧЕСКОЕ ПРЕСТУПЛЕНИЕ В КЛАССИЧЕСКОМ...

Судопроизводство в эпоху цифровизации 

На юридическом факультете Казахского национального университета имени аль-Фараби состоялась...

Из детдома — в кошмар

Семья из Каркаралинского района Карагандинской области шесть лет подвергала...

Семей қаласындағы қарттар үйінің тұрғындарына мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды

9 мамыр мерекесімен №21 мекеме қызметкерлері Семей қаласындағы қарттар...