12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Астанада өңірлік мерзімді басылымдар форумы өтіп жатыр

Бүгін «Қазмедиа» орталығында өңірлік мерзімді баспасөз басылымдары форумы басталды

Астанада өңірлік БАҚ форумы өтіп жатырФото: adyrna.kz

Ақпарат және  қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан өңірлік БАҚ форумын Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов ашты.

«Форум барысында медиа саласында туындаған бірқатар мәселені қызу талқылау, ой-пікірлерді ортаға салу жоспарланып отыр. Іс-шараның басты мақсаты — заманауи медиа саласы бойынша оңтайлы тәсілдер қарастырып, бір-бірімізбен тәжірибе алмасу, оған қоса мерзімді баспасөз саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікірталас алаңын ұйымдастыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында бүгінде БАҚ бәсекеге қабілетті әрі еркін болуы керек екенін атап өтті. Бұл қағидат кез келген өркениетті мемлекет үшін маңызды болып қала бермек», — деді модератор форумның ашылу салтанатында.

Қанат Ысқақовтың айтуынша, бүгінде мерзімді баспасөз саласында бәсекеге қабілетті болу үшін ақпараттың сапасына айрықша назар аудару қажет.

Сондай-ақ ол Қазақстандағы медианы одан әрі дамыту үшін министрлік жыл сайын өткізіп отыратын «Тұмар» мен Astana Media Week іс-шараларында өңірлік БАҚ саласына қатысты мәселелер қозғалатынын атап өтті.

Дауларды шешуде сүзгіден өткізетін кассациялық соттар іске қосылды 

      Әр сот шешімнің артында адам тағдыры тұр,  сондықтан судьяларға артылған...

Год рабочих профессий: как государство и бизнес создают среду для молодых кадров

В рамках рабочей поездки в Костанайскую область заместитель премьер-министра...

33 инвестпроекта в АПК реализуют в Карагандинской области  

В Карагандинской области реализуется 33 инвестиционных проекта в АПК...

Қарағанды облысында АӨК саласында 33 инвестициялық жоба іске асырылуда

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығының түрлі бағыттарын қамтитын жалпы құны...

Түзеу мекемесінде Нельсон Мандела күні аталып өтті

Аты әлемге танылған ұлы тұлға, Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы...