12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сауран ауданында бір сотталғанға ескерту берілді

Шымкент қаласы және Түркістан облысына бойынша ҚАЖД Сауран аудандық пробация қызметінің жүргізген «Есептегі элемент» профилактикалық шарасы барысында 25 қайта қылмысқа бейім сотталғандар тексеріліп. Бір сотталған азаматтың тәртіп бұзғаны анықталып, оған ескерту беріліп, iс материалы процессуалдық шешім шығару үшін сотқа жолданды.
Жуырда Түркістан облысы аумағында «есептегі элемент» атты облыстық жедел профилактикалық іс шарасы өткізілді.

Осы іс шараны өткізу барысында Сауран аудандық пробация қызметі жергілікті учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандардың мекенжайлары мен жұмыс орындарын толық тексерді. Аталған шараның басты мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу мақсатында олардың тұрғылықты мекенжайына барып тексеру жүргізіп, кеңес өткізеді.

Пробация қызметі есебіндегі сотталғандар тарапынан жасалынатын қайталама қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі уақыттарда тексеріп олардың жақын туыстарымен де профилактикалық әңгімелер жүргізді.
Сондай-ақ, шара барысында пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандарды мекенжайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын да жүргізуде.

Біз полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруге жиі шығамыз. Сонымен қатар, бас бостандығынан оқшалаусыз жазаға тартылған сотталған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында, іздеу жүйелері және басқа мемлекеттік органдардың базалары бойынша тексеру жүргізіп отырамыз. Егер сотты болған азамат тұрғылықты мекен-жайында болмаса онда ол адамға акты толтырылады. Сөйтіп, қалалық пробация қызметі бөліміне шақыртылады. Сотталушы азаматтан үйінде болмауының себебін анықтап, жазбаша түрде түсініктеме алынады. Егер оның берген жауабы өзінің әрекетіне сәйкес келмесе, я болмаса пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны анықталса жазбаша түрде «Ескерту» жарияланады. Ал, ескерту бар болса онда ҚР ҚК-нің 44-бабы 3 бөлімі негізінде бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жасасына ауыстыруға сотқа жолданады. Ал, жазаны сот тағайындайды, — деді Сауран аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет лейтенанты Қайсарбек Серманов.
Аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторының сөзіне қарағанда бұл бастаманың басты мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу мақсатында оларды тіркелу барысында тексеру жүргізіп, кеңес өткізеді. Мұндай профилактикалық шаралар – пробация қызметініӊ есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардыӊ және қылмыстыӊ алдын алу, сондай-ақ іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау үшін ұйымдастырылып тұрады.

Шымкент қаласы және
Түркістан облысы
ҚАЖД қызметі

Пробация қызметі — сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу

Пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау...

Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің...

Прошел круглый стол по обсуждению проблемных вопросов

26.04.2024 года в межрайонном суде по уголовным делам г.Астаны...