spot_img
spot_img

Түркістан облысының полицейлері қарт жүргізушіге кептеліп қалған дөңгелегін ауыстыруға көмектесті

Жетісай-Жібек жолы-Сарыағаш тас жолын патрульдеу кезінде Түркістан облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол жиегінде тұрған «Ауди» маркалы автокөлікті байқады. Содан тәртіп сақшылары жақындап, жүргізушіден қандай да бір көмек қажет пе? деп сұрады.
Қарт адам көліктің дөңгелегі жарылып, оны өз бетінше ауыстыруға күші жетпегенін айтты. Сонымен қатар ауа-райының суық болуына байланысты жүргізушілердің ешқайсысы жол шетіндегі қарияға тоқтамаған.
Жүргізушінің қиын жағдайға тап болғанынын білген тәртіп сақшылары оған бірден көмек көрсетті. Құрал саймандардың көмегімен полиция көліктің дөңгелегін ауыстырып, әрі қарай жолын жалғастыруға септігін тигізді.
Автокөлік жүргізушісі полицейлерге көрсеткен қамқорлығы мен көмегі үшін үлкен алғысын білдірді. «Көліктің дөңгелегі жарылды. Мен жолда қалып қойдым. Доңғалақып ауыстырайын десем кептеліп қалған. Маған көмек көрсеткен полицейлерге рахмет. Оларға жұмыста сәттілік тілеймін!»- деді автокөлік жүргізушісі алғысын білдіріп.
Полицейлердің айтуынша, кезекшілік кезінде жолдарда мұндай жағдайлар жиі кездеседі және олар әрқашан көмекке келуге дайын. Тәртіп сақшылары атап өткендей, олар үшін ең бастысы — жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Маңғыстауда «Пробациялық бақылау» ЖПШ өтуде

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметкерлері 26-28 қаңтар...

Орал қаласы бойынша пробация қызметінің инспектор-психологы іс-шара өткізді

2023 жылдың 26 ​​қаңтарында Орал қаласы бойынша пробация қызметінің...

Қазақстанда шетелдіктерге арналған «визаран» ресми түрде жойылды

27 қаңтарда Қазақстанда иммигранттардың келу және болу, кетуіне жауап...

6505 әскери бөлімінің 9 жеке атқыштар ротасын жас толықтыруға жауангерлік қару табысталды

ЖЖ-6505 жеке атқыштар ротасының 9 саптық шеру жас толықтартыруларға...