12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жол сапасы — жіті бақылауымызда

Ағымдағы жылдың 15 тамыз — 15 қыркүйек аралығында “Әділдік жолы” республикалық қоғамдық бірлестігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің үйымдастыруымен “Әділдікті талап ет!” республикалық акциясы өткізілді.

Науқанның басты мақсаты – қоғам арасында жемқорлыққа төзімсіздік ортасын қалыптастырып, бұл үрдіске ел азаматтарын барынша жұмылдыру болды. Аталмыш іс-шара жемқорлықтың болуы немесе орын алуы мүмкін деген, қоғамды алаңдататын мәселелердің кең ауқымын кезең-кезеңімен қамтыды..

Бірінші кезеңде автожол саласындағы мәселелерге тоқталып, жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау барысындағы жемқорлық тәуекелдерін анықтауға назар аударылды.

2022 жылғы 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қ-Ж.К.Тоқаев жол салу саласында сыбайлас жемқорлыққа бейімділік көрсеткішінің жоғары екенін атап өтіп, елімізде жол салу барысында 10 жыл ішінде болған бұзушылықтарды мұқият тексеруді тапсырған. «Еліміздің жолдары нашар екені және жол құрылысы саласын жемқорлық жайлағаны ешкімге жасырын емес. Жалпы, бұл салада қордаланған мәселе көп… Жолдың нашар сапасына қатысы бар барлық кінәлілерді Заңға сәйкес жауапкершілікке тарту қажет», — деді мемлекет басшысы.

Азаматтар науқанға Adildik.kz веб-сайты арқылы қосылып, 1463 Call center бойынша Қазақстан автожолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы жемқорлық туралы ақпаратты хабарлау арқылы қатысты.

Акция барысында Шымкент қаласы бойынша 128 өтініштер, 1463 колл орталығына 13 өтініш келіп түскен. Сапасыз жол бойынша ең көп арыз Абай ауданы бойынша келген.

Сонымен қатар, акция барысында Шымкент қаласы автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасынан кепілдік мерзімінде тұрған жолдардың тізімі сұратылды. Уәкілетті орган ұсынған ресми мәлімет бойынша мұндай жолдар — 120. Берілген тізім бойынша кепілдік мерзіміндегі жолдарға таңдамалы түрде тексеріс жүргізілді.

Тексеріс барысында анықталған құқықбұзуышылықтар бойынша уәкілетті органдарға тиісті хаттар жолданды. Нәтижесінде кепілдігі бар 7 жолдың сапасыз жөндеуі қалпына келтірілді. Кепілдігі жоқ және коммуналдық, жол белгілерінің дұрыс қойылуы т.б. мәселелер бойынша ондаған мәселе оң шешімін тапты.

Жалпы акция қорытындысы бойынша жол құрылысы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің барлығы зерделеніп, бірлестік тарапынан республикалық деңгейде 17 мәселе анықталып, ұсыныстар жолданды.

Сапасыз жолдар – адамдардың өміріне қауіп төндіретін жол апаттарының, тасымалмен айналысатын бизнес-қауымдастығының өзекті проблемасы болып отыр. Жалпы, транспорт жүйесі – ұлттық экономика үшін маңызды деп саналатын еліміздің инфрақұрылымы. БӘФ Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткішіне сәйкес жол сапасы жөнінен біздің ел 138 орынның 108-ші орнында орналасқан.

Сол себепті жол сапасы әрқашан біздің жіті назарымызда бола бермек.

Айжан Кесебаева

“Әділдік жолы” РҚБ Шымент

қаласындағы филиалының

басшысы

Миына қан құйылған науқасқа МӘМС есебінен ота жасалды

Қонаевта дәрігерлер көлікпен жылқыға соғылып, миына қан құйылған азаматты...

Елімізде Еуропалық иммундау апталығы басталды

Елімізде сәуір айының 21-27 аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтеді....

«Темір жол-қауіптілігі жоғары аймақ»тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді

Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні Түрксіб станциясындағы желілік полиция...

Мошенники используют ситуацию с паводками для обмана граждан

«Проверьте свой ИИН на наличие выплат», «Получите компенсацию до...