Алматы облысында дәрігерлер 13 жасар қыздың асқазанынан салмағы 1.5 келі шашты алып тастады

Карасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының дәрігерлері 13 жасар қыздан «асқазанның трихобезоары» диагнозын анықтап, асқазанынан салмағы 1,5 келі шашты алып тастады. Ауруханаға асқазан ауруына шағымданған 13 жасарды науқасты тексеру барысында дәрігерлер асқазанда қозғалмалы массаны анықтаған. Асқазанға фиброгастродуоденоскопия жасау кезінде диагноз толығымен расталған.
Трихобезоар ауруы асқазанға шаш, жүн түскен кезде пайда болады. Көбіне шашты, жүннен жасалған бұйымдарды, киізді шайнау және жұту сияқты зиянды әдеті немесе патологиялық бейімділігі бар балаларда кездеседі. Нәтижесінде асқазандағы тамақпен араласып » шаш ісігі » пайда болады.
Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының тәжірибелі хирургтары Малғаждаров Мәулен Сансызбайұлы және Стадников Максим Александрович науқасқа дер кезінде ота жасап, науқастың асқазанынан салмағы 1,5 килограмм болатын өлшемі 20×30 см трихобезоарды алып тастады. Бөтен денені алып тастағаннан кейін науқастың психоэмоционалды жағдайы жақсарып, ауырсыну синдромы басылды. Қазіргі уақытта жас науқас хирургиялық бөлімде емделуде.
Айта кетейік, жыл басынан бері Қарасай көпсалалы ауруханасында 1000-нан астам ота жасалды. Көп жағдайда ауруханаға түскен науқастарға шұғыл түрде ота жасау қажет болады.

Обсуждены важные задачи

Работа подразделений полиции на местах должна строиться на неизменном...

Пилотная площадка для инноваций

В АСТАНЕ ПОДПИСАН МЕМОРАНДУМ О СОТРУДНИЧЕСТВЕ МЕЖДУ ПРАВИТЕЛЬСТВОМ КАЗАХСТАНА,...

В замкнутом круге обмана 

ТЕМА КОРРУПЦИИ СТАНОВИТСЯ ПОИСТИНЕ НЕИСЧЕРПАЕМОЙ. КОНЕЧНО, ПРИЯТНЕЙ ПИСАТЬ О...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кері әсерін тигізетін,...

Меңдібай аға 600 шақырымдық межеден өтті: Балқаш «Құрылтайға жол» эстафетасын қабылдады

«Құрылтайға жол» ультрамарафоны жаңа межеге жетті. Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен...