spot_img
spot_img

Пробация дегеніміз қандай қызмет?

Еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесіне пробация қызметінің енгізілгеніне де көп болған жоқ. Оның Қазақстанда заңды түрде жүзеге аса бастағанына да бес жылдан асты. Сонымен қатар, пробация қызметі деген не? Пробацияның атқаратын қызметі туралы Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Келес аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Аширбаев түсіндіріп берді.
Пробация қызметінің төрт түрі бар. Сол себепті сотқа дейінгі, шартты-үкімдік, пенитенциарлық және постпенитенциарлық пробация түрлері кеңінен қолданылады. Оның біріншісі – сотқа дейінгі пробация – күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеуге бағытталған, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы. Екіншіден, үкімдік пробация – бас бостандығын шектеуге сотталған, сондай-ақ шартты түрде сотталған адамдарға қатысты пробациялық бақылау белгілеу мен оны жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы болып табылады. Мұны «Нельсон Манделла ережелері» деп атауға болады. Мандела ережелері қабылданғаннан кейін түрмелерде соңғы 60 жыл бойы қалыптасып қалған «тәртіптің» 80 пайызы қайта қаралған. Жаңартылған Ереже сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеудің тәсілдерін өзгерткен. Ал, үшіншіден, пенитенциарлық пробация – қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген адамдарды әлеуметке қосу жөніндегі қызмет пен шаралар. Сонымен қатар, түзеу мекемесінің қызметкерлері және колонияда жазасын өтеушілер арасында оқу-дәрістер өткізу. Төртіншісі – пенитенциарлықтан кейінгі пробация – қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдарға қатысты пробациялық бақылау белгілеу мен оны жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар болып табылады. Ал, өзге елдерде жасөспірімдерге арналған пробация қызметі. Әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын бұл қызмет шетелдерде бірнеше бағыттан тұратын үлкен жүйеге айналған.

ПҚ бөліністері және Жергілікті полиция қызметтерінің қызметкерлері қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарға қатысты қадағалау мен бақылау жұмыстарында ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы», 2014 жылғы 18 тамыздағы № 517 бұйрығымен бекітілген «Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу туралы» қағидалардың (бұдан әрі-Қағида) және ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысы бекітілген «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету туралы» (бұдан әрі-Қағида) басшылыққа алып жұмыс атқарады. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу мерзімі – пробация қызметі заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын орындауға қабылдаған күннен бастап, олардың тұрғылықты жері бойынша жүзеге асады. Пробациялық бақылау мерзімі шартты түрде сотталған адамды пробация қызметінің есебіне қойған кезден бастап есептеледі. Сотталған азаматты есепке қою кезінде оның тұрғылықты жерін, денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын, сондай-ақ, оған ұсынылатын әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды. Сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек беру, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді. Тіркелуі үшін Пробация қызметіне келу күндерін белгілейді. Сотталған адамға сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау немесе орындамағаны және пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібі де түсіндіріледі, — деді әділет майоры Нұрдәулет Аширбаев.

Аудандық пробация қызметі бастығының сөзіне қарағанда есептегі тұлғалар өзіне сот жүктеген міндеттерді және пробация қызметінің заңда талаптарын орындамаған жағдайда пробация қызметі сотталғанға белгіленген жаза түрін қатаң жаза түрімен ауыстыру немесе жаза мерзімін ұзату бойынша сотқа процессуалдық шешім қабылдау үшін ұсыныс келтіреді..

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

№11 мекемесінде сурет салудан байқау өтті

 Алматы қаласының ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде  Ұлы Жеңістің 80 жылдығын...

НА СТРАЖЕ мира В ПЛАМЕНИ ВОЙНЫ

Великая Отечественная война – это не только битва на...

Определение национальности ребенка

С юридической точки зрения определение национальности, национальной принадлежности не...

Воспитание с поклоном

СЕЙЧАС ВСЕ ЧАЩЕ ВСПОМИНАЮТ ПОДВИГ КАЗАХСТАНСКИХ ЖЕНЩИН ВО ВРЕМЯ...

Между реформами и ограничениями

Свобода слова остается одной из важнейших тем в общественно-политической...