№11 мекемесінде сурет салудан байқау өтті

 Алматы қаласының ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде  Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге арналған  сурет салудан байқау өтті. Іс шараға Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерімен бірлесіп, жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында патриоттық рухты көтеру және тарихқа деген құрметті арттыру мақсатында сурет байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға қатысқан  жазасын өтеуші жасөспірімдер, өз туындылары арқылы соғыс жылдарындағы ерлік пен батырлықты бейнелеуге тырысты. Әр суретте майдан даласындағы күрес, тылдағы еңбектің маңызы және Жеңіс күнінің қуанышы көрініс тапты.

Байқаудың мақсаты — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу және ата-бабаларымыздың ерлігіне деген алғыс сезімін білдіру. Балалар өз туындылары арқылы бейбітшіліктің, батырлықтың және елге деген сүйіспеншіліктің маңызын жеткізді.

Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар  байқауға белсенді қатысқан жазасын өтеуші жасөпірімдерге алғыстарын білдіріп, мұндай шаралар өскелең ұрпақтың шығармашылығын дамытуға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...