Қазақстанда 35 жасқа толмағандарды да жастар санатына қосу ұсынылды

Қазақстанда жастардың жасы 14 жастан 35 жасқа дейін бекіту ұсынылды. Қолданыстағы жастар саясаты туралы заңда бұл көрсеткіш 14-29 жас деп белгіленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Егер ұсыныс қабылданса, елдегі жастар санатына жататындар саны екі есеге өсіп, 6,2 миллион адамға жетеді. Нәтижесінде олардың барлығы жастарды қолдау бағдарламаларына тартылады.

Аталған заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда қарап, мақұлдады. Жобаның мақсаты – мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыру. 

Заң жобасында Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске және «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр

Сонымен қатар NEET санатындағы жастармен жұмыс бойынша мемлекеттік органдардың жауапкершілігі нақты бекітілетін болады:

  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі-  жұмыссыз жастармен;
  • Білім министрлігі- біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлігінде;
  • Ішкі істер министрлігі – девиантты мінез-құлықты жастармен және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;
  • Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар ресурстық орталықтары, салааралық үйлестіру және ақпараттық сүйемелдеу арқылы жастармен жұмыс істейді.

Глава государства провел оперативное совещание Совета Безопасности

Под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось оперативное совещание Совета...

Незаконные операции онлайн-казино

АЗАРТНЫЕ ИГРЫ В ИНТЕРНЕТЕ ЧАСТО ВОСПРИНИМАЮТСЯ КАК ПРОБЛЕМА ИГРОКА,...

На повестке дня – развитие туризма

НА ЗАСЕДАНИИ КОМИТЕТА ПО ТУРИЗМУ ПРЕДПРИНИМАТЕЛИ С УЧАСТИЕМ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ...

Как мошенникам удается обмануть образованных людей?

ТЕЛЕФОННЫЙ ЗВОНОК РАЗДАЕТСЯ В СЕРЕДИНЕ РАБОЧЕГО ДНЯ. ВЕЖЛИВЫЙ ГОЛОС...

Наследство: что необходимо знать?

Утрата близкого человека помимо эмоциональных переживаний влечет за собой...