spot_img
spot_img

19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі суық антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Түнде еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында үсік күтіледі. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ел бойынша екпінді жел, оңтүстікте — шаңды дауыл, шығыста түнде және таңертең тұман болжанады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түнде Ақмола облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-3 градус үсік сақталады. Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, Павлодар облысының басым бөлігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Нұр-Сұлтан қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы болады.

Алматы қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 25-27 градус жылы болады.

Шымкент қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы болады.

Маңғыстауда «Пробациялық бақылау» ЖПШ өтуде

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметкерлері 26-28 қаңтар...

Орал қаласы бойынша пробация қызметінің инспектор-психологы іс-шара өткізді

2023 жылдың 26 ​​қаңтарында Орал қаласы бойынша пробация қызметінің...

Қазақстанда шетелдіктерге арналған «визаран» ресми түрде жойылды

27 қаңтарда Қазақстанда иммигранттардың келу және болу, кетуіне жауап...

6505 әскери бөлімінің 9 жеке атқыштар ротасын жас толықтыруға жауангерлік қару табысталды

ЖЖ-6505 жеке атқыштар ротасының 9 саптық шеру жас толықтартыруларға...