12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img

Полицейлер қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері Сарыағаш ауданы тұрғынының үйіне жасалған қарақшылық шабуылды анықтап, қылмысты ашты. Анықталғандай, қарақшы жәбірленушіні пышақпен қорқытып, ірі көлемде ақша салынған сөмкені ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Нақтырақ айтсақ, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне пышақ жарақатын алған әйелдің ауруханаға түскені туралы хабарлама келді. Тексеру кезінде ауыл тұрғынының үйіне белгісіз біреу кіргені белгілі болды. Яғни, күдікті ер азамат әйелге физикалық күш көрсетіп, пышақпен қорқытқан. Содан жәбірленушіге пышақ жарақатын салып, ішінде ақшасы бар сөмкені алып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі «Қарақшылық» бойынша тіркелді. Келтірілген шығын көлемі шамамен 4 миллион теңгеден асты.

Еш қорықпастан өзгенің үйіне кіріп, ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ұстауға тез арада Криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Олар күдіктіні анықтауға бағытталған іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізді. Аулаларды аралап, бейнебақылау камераларын мұқият қарап шықты. Нәтижесінде жедел уәкілдер бейнекамералардың бірінен жәбірленушінің ауласынан шыққан күдікті ер адамды байқады.
Жинақталған ақпарат көздері арқылы одан әрі іздестіру жұмыстарын жүргізген Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні Нұр-Сұлтан қаласынан ұстады. Аталған Сарыағаш қаласының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Тінту кезінде жас жігіттен ұрланған ақшаның бір бөлігі мен басқа да айғақты заттар тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі «Қарақшылық» және ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Бүгінде орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз мүлкін сақтау шараларын қабылдау қажеттігі туралы ескертеді. Сондай-ақ, мүмкіндігінше үйлерде бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатуға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Мәжбүрлі еңбекті меңсінбеген сотталған қамауға алынды

Әлбетте, барлық адам бірдей тәртіп пен талапты бұзбай күн...

Сауранда сотталғандар кітап оқыды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Сауран аудандық пробация...

Тергеу изоляторының қызметкерлері ҚАЖ ардагерлерін қарттар күнімен құттықтады

1 қазан Халықаралық қарттар күні елімізде биылғы жылы 33-мәрте...

Сегодня, в первый день октября, сотрудники акмолинской УИС встречаются с ветеранами

Сотрудники учреждения №1 г.Атбасар совместно с председателем Совета ветеранов...

Алматыда халықаралық тау спорты фестивалі өтіп жатыр

Алматыда 29 қыркүйектен бері қалалық туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Almaty...