МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҮЗДІК КӘСІПКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін Ақтау қаласында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының өңірлік кезеңі өтті. Оған Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.


«Елімізде өңірлерде өндірілетін өнімнің үлес і артатын болса, онда экономикалық жағдай да тұрақталады. Біздің облыста орта және шағын бизнестің дамуы жүйелі түрде дамып келеді. Өңірлік өнімнің үлесі 32% құрайды. Экономикалық белсенді тұрғындар арасында бизнеспен айналысатындар саны 37%.

Статистикаға жүгінсек, өткен жылмен салыстырғанда биыл бизнес субъектілер 12% артып, 61 мыңды құрады. Оған осында көрмеге қойылған өндірістік бағыттағы тауарлар, азық-түлік пен киім-кешек түрлері мен сапасына қарап көруге болады. Бизнестің қарқын алуы еліміздің, облысымыздың дамуына серпін береді. Сондықтан да жергілікті билік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге осы мақсатта жұмыылып жұмыс істеуге дайын»,- деді Нұрлан Асқарұлы.


Отандық өнімнің сапасын арттыру және Қазақстан нарығын бәсекеге қабілетті тауармен толықтыруға бағытталған шара жыл сайын ұйымдастырылып келеді.
Байқау мынадай үш номинация бойынша жүргізілді:
1) «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»
2) «Халыққа арналған үздік тауарлар»
3) «Үздік азық-түлік тауарлары».
Оған облыстағы 49 кәсіпорын қатысты.

Әр номинация бойынша үш-үштен, тоғыз жеңімпаз айқындалды. Жеңімпаздар арнайы жүлдемен марапатталды. Олар:
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша: «Каскор Машзавод» АҚ, «Каз Азот» АҚ және «OSS KAZAKHSTAN» ЖШС жеңіп алды.
Ал, «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында Жеке кәсіпкер «Мендикулова», Жеке кәсіпкер «Жекенова», Жеке кәсіпкер «Rakhim baby» лайық деп танылды.
«Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «Актау Агро» ЖШС, Жеке кәсіпкер «Толеуіш Даниял Саматұлы», «Кобзев Руслан Викторович» шаруа қожалығы үздік шықты.


Өңірлік байқаулардың 9 жеңімпазы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына жолдама алды. Республикалық көрме-байқаудың қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП-ның сараптамалық тобы 27 финалисті анықтайды. Одан әрі жеңімпаздар онлайн дауыс берумен іріктеледі.
Дипломанттар төрт жыл бойы «Қазақстанның үздік тауары» байқауының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.
«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президентінің қатысуымен салтанатты рәсімде өткізіледі.

Жазира Қуанышбекқызы

Локализация производства Nuctech станет частью развития транзитного потенциала Казахстана

Состоялась встреча Вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан Олжас...

Nuctech жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға серпін береді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Nuctech...

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

15 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым...

Административное правосудие АППК: Цель и принципы

Прошло 5 лет с момента создания института административного правосудия....

ӘРПК: мақсаты мен қағидаттары

Әкімшілік әділет институтының қолданысқа енгізілгеніне 5 жыл болды. Осы...