Сауда министрі қанттың не себепті қымбаттағанын түсіндірді

Премьер-министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қанттың қымбаттауына тосқауыл жоқ екенін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап берген министр Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы 6 тауар бойынша импортқа тәуелділік бар екенін еске салды.

«Бізде тауардың алты түрі бойынша импортқа тәуелділік бар. Негізгі тауарлар жетпей қалмайды. Импортқа тәуелділікті шектеуге арналған арнайы бағдарламамыз бар. Бізде экспортқа тәуелді тауарлар да бар. Мысалы бидай біз үшін сондай тауар. Сыртқы нарықта баға қымбаттса, өз ішімізде де қымбаттайды», – деді ведомсвто басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, қант сияқты әлеуемттік маңызы бар тауарлардың бағасын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы тұрақтандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Ал кейбір тауарлардың бағасы «Қаржы айналымы» тетігі арқылы тұрақтандырылған.

«Дегенмен азық-түліктің кей түрі, мысалы, қант бойынша айтсақ, біз қаласақ та, қаламасақ та баға өседі. Өйткені бүкіл әлем бойынша биржадағы баға көтеріліп барады. Бізге негізгі қант жеткізуші Ресейдің өзі тасымалды тоқтатқандықтан, бұл ахуал бізге әсер етуде. Логистика шығындары бүкіл әлемде өсті», – деді Бақыт Сұлтанов.

Новые правила пропускного режима в судах

Совместным приказом Руководителя Судебной администрации РК №5 от 30...

Ученый, педагог, наставник

Имя выдающегося ученого-юриста, профессора Мажита Таировича Имашева безгранично связано...

Конструктивный диалог 

В АЛМАТИНСКОМ ФИЛИАЛЕ СОЮЗА СУДЕЙ РК ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ РАЗВИТИЯ...

Уголовно-исполнительное право: проблемы и пути их решения 

ИЗВЕСТНЫЙ КАЗАХСТАНСКИЙ УЧЕНЫЙ-ЮРИСТ, ПРОФЕССОР КАФЕДРЫ УГОЛОВНОГО ПРАВА И УГОЛОВНОГО...