Алматыда бірнеше аула мен көшені су басты

Алматыда бірнеше аула мен көшені су басты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, Алматыда сағат 10.30-дағы жағдай бойынша 112 және 109 құтқару қызметіне су басу (аула аумақтары, көшелер) туралы 11 хабар келген.

«Оқиға орнына ТЖ басқармаларының жауапты инспекторлары шықты — оның ішінде 7 дерек расталмады, олар Әуезов ауданы Яссауи көшесі, 173, Жетісу ауданы Федоров көшесі, Жетісу ауданы Гастелло 44, Бостандық ауданы Лебедев көшесі 11, Алмалы ауданы Мұқанов көшесі 77, Дәулетқалиев көшесі 4, Ақбұлақ шағынауданы, Алатау ауданы Шарипов көшесі 26/1», — деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Жетісу ауданында Гончаров көшесі 60 мекенжайында бітеліп қалған арық құбыры тазалтылды, Брюсов көшесінде ТЖД күштері сорғы қолданды.

Алатау ауданы Магаданская көшесі 53 үйінде мердігерлік ұйым арық желісін тазартты.

Наурызбай ауданында Сұраншы батыр көшесі 2-де жеке үйдің ауласын су басып, әкімдіктің мердігерлік ұйымы жұмыс істеді.

ТЖД өкілі түске дейін су басудың барлық расталған жағдайы бойынша жұмыстар аяқталғанын айтты.

Қазгидромет мәліметінше, 27 наурызда сағат 21.00-ден 09.00-ге дейін Алматыда 23 миллиметр жауын-шашын түскен. Айдың басынан 146,1 миллиметр жауын-шашын болды, норма 76 миллиметр. Тауларда дымқыл қар жауып жатыр, биіктігі ҮАК-да 107, Мыңжылқыда — 67, Медеуде — 44.

14 наурыз – Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

14 наурызда Қазақстанда жерге орналастыру, геодезия және картография күні...

Қоғам сенімін қалыптастырудағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет алдындағы...

“Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз” атты спорттық іс-шарасы өткізілді

Талас аудандық прокуратурасының бастауымен “Заң мен Тәртіп” Қауіпсіз...