Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу мәселелері бойынша кездесу өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандармен «Антарес-А» қоғамдық қорының заңгері және Семей қаласының «Мансап орталығы» КММ өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Іс-шараға барлығы 43 сотталған қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – сотталғандарға құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ оларды босатылғаннан кейінгі өмірге бейімдеу мен жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Кездесу барысында «Антарес-А» қоғамдық қорының заңгері сотталғандарға құқықтық мәселелер бойынша түсіндірме беріп, заң көмегін алу және әлеуметтік қолдау шараларының мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынды.
Ал Семей қаласының «Мансап орталығы» КММ өкілдері жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шаралары, кәсіптік оқыту мүмкіндіктері және босатылғаннан кейін жұмыс іздеу жолдары туралы мәлімет берді.
Сонымен қатар сотталғандарды босатылуға дайындау, әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіру және олардың қоғамға сәтті бейімделуіне жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және қайталап құқық бұзушылық жасау қаупін төмендетуге ықпал етеді.
Сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және босатылуға дайындау бағытындағы жұмыстар қоғамдық ұйымдармен және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп жалғасын табуда.

«ЕРКІН СӨЗ – 2026» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

✍️ Түркітілдес журналистер қоры мен Halyk Bank серіктестігінде ұйымдастырылатын...

Выборы в маслихаты – Президент провел консультации с Премьер-Министром и Председателем Курултая

🔹Глава государства провел консультации c Премьер-министром и Председателем Курултая...

Тілге деген құрмет өзімізден басталады

      Әр азамат өз ана тілін құрметтеуге тиісті. Ана...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ НЕГІЗІ

Тіл – ұлттың рухани қазынасы, халықтың тарихи жады мен мәдениетінің айнасы. Әрбір халықтың болмысын, дүниетанымын, салт-дәстүрін,...

МЕДИАЦИЯ – ДАУДЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

Қазіргі қоғамда адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынастардың күрделенуі кей жағдайда дау-дамайлар мен жанжалдардың туындауына алып келеді. Азаматтық, отбасылық, еңбек және өзге де құқықтық қатынастар барысында тараптардың арасында түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін....