12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Шикізат игілігі шикізат қарғысына айналды — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның «шикізат игілігі» әртүрлі топ мүддесінде елдің «шикізат қарғысына» айналғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы саяси трансформацияның негізгі бағытынан ешқандай ауытқу болмайтыны туралы мәлімдемесін еске салды.

«Мен Мемлекет басшысы ретінде қоғамымызды жаңғыртудың саяси трансформациясы саясатын жалғастырамын. Сондықтан экономикалық реформалар бағдарламасымен жұмыс істеу керек, реформалар бағыты белгіленген. Нарықтық әлеуметтік бағдарланған және әртараптандырылған экономикаға көшу. Басты сұрақ: бұған ақшаны кім төлейді? Өткенге көз жүгіртсек, жаңа тарихымыздағы екі экономикалық кезеңді шартты түрде бөліп көрсетуге болады», — деді Президент бизнес өкілдерімен кездесу кезінде.

Тоқаевтың айтуынша, бірінші экономикалық көшу — жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу.

«Ауыр күйзелістер мен шығындар арқылы Қазақстан қажетті нарықтық реформаларды жүргізе отырып, көтеріліп, бейімделе алды. Бұл өзгерістерді қаржыландыру кеңестік кезеңнен мұраға қалған мемлекеттік мүлікті жекешелендіру есебінен жүзеге асырылды. Осы негізде отандық кәсіпкерліктің жаңа класы пайда болды.

Екінші жағдай шикізаттық суперциклмен байланысты. Ел экономикасы жаһандық процестерге ене алды, шетелдік инвесторларға елге үлкен қаражат тартуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасалды. Бірінші кезекте өндіруші салада және банк саласында. Бұл қаржы Қазақстан экономикасын жандандырып, тұрақтылық берді, әлеуметтік бағдарланған мемлекет негізін құруға мүмкіндік берді», — деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, «шикізат игілігіне» тәуелділік Қазақстанды трансформация мәселесінде аз ұтқыр мемлекетке айналдырды.

«Сыртқы әл-ауқатқа қарай елдің шикізат игілігі біртіндеп шикізат қарғысына қалай айналғанын байқамадық. Біз трансформацияларда аз белсенді болдық. Сапалы қайта құру осындай өзгерістерге қарсы шыққан әртүрлі топ мүддесіне қарсы болды. Нәтижесінде, біз әртараптандырылған экономиканы құрған жоқпыз, оны мойындауымыз керек», — деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан бизнес өкілдерімен кездесу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шектеулерін қайта қарауды тапсырған болатын.

Түркістанда бір күнде 15 сатталған азамат тұрақты жұмысқа жолдама алды

Түркістан қаласында пробация қызметі есебінде тұрғандар, мүмкіндігі шектеулі, субсидияланатын...

ҚазҰУ-да баспагерлік – редакторлық орталық ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде жазушы, фольклоршы,...

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында түсіндіру жұмыстары жалғасуда

           Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның...

Мемлекеттік тілді білу – міндет

Мемлекеттік тілдің әлі күнге дейін өзекті мәселелер қатарынан түспей...

В области Ұлытау планируется посадить 18 миллионов деревьев

В Караагашском лесничестве Жанааркинского района области Ұлытау до 2025...