12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстандық педагогтер мен дәрігерлер вакцинадан бас тарта ала ма?

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басалады. Бірінші және екінші кезекте вакцина салынатын дәрігерлер мен педагогтер екпеден бас тарта ала ма? Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақатау министрлігіне: «Бірінші және екінші кезекте вакцина салынатын тұрғындар, яғни педагогтер мен медицина қызметкерлері вакцинадан бас тарта ала ма?» деген сауал жолдады. Ведомство өкілдері вакцина еркін түрде жасалатынын айтты.

«Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация еркін түрде екпе салынатын адам қажет ақпарат алғаннан кейін ғана салынады. Қазақстанның «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің 77-бабына сәйкес ҚР азаматтары вакцинациядан бас тартуға құқылы«, — деді ДСМ өкілдері.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі «вакцина еркін түрде жүргізілетіндіктен екпеден бас тартқан жағдайда ештеңе болмайтынын» айтты. Алайда вакцина салдырмаған адамдар шетелге шыққан жағдайда қандай шектеу болатыны белгісіз.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырған адам еркін жүре алатын электрон паспорт енгізілетінін хабарлаған болатын.

Между реформами и ограничениями

Свобода слова остается одной из важнейших тем в общественно-политической...

Сөз қадірі — өз қадіріміз!

Тіл — қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де...

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім...

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді

9-14 мамыр аралығы Алматы облысында Халықаралық «Ұлы дала жорығы»...