12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алаяқтық өршіп тұр…

Қазіргі Цифрлық қоғамда азаматтар негізгі жұмысынан бөлек, қосымша жұмыстар арқылы табыс тауып жүргені баршамызға белгілі! Бүгінде актуалды мәселенің бірі! Өте қуантарлық та жағдай! Бірақ, қаламның екі ұшы бар секілді бұл мәселенің кері тұсы интернеттегі алаяқтықтық өршуіне әкеліп соғып жатқаны жасырын емес!

Интернеттегі алаяқтықтың негізгі қаруы ол — “психологиялық шабуыл”. Яғни, студенттер, декреттік демалыстағы аналар, қосымша табыс тапқысы келіп жүрген азаматтардың қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатындай жарнама жасау немесе мессенджерлер арқылы профессионалды мәтінмен сенімге кіру арқылы алдау.

Өкінішке қарай бүгінгі таңда интернеттегі алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Мессенджерлерде шетелдік номерлерден “күніне 2000 — 20000 тг тапқыңыз келсе” деген спам хабарламалар келеді! 1, 2 күндері жеңіл тапсырмалар беріп, әр орындалған тапсырма үшін төлем картаңызға уәде етілген аздаған соммадан аударып отырады. Осылайша барынша сенімге кіріп, келесі күндері танымал Маркетплейстердегі сатушының рейтингін көтеру мақсатында аздаған соммаға төлем жасауыңызды тапсырады! Төлем соммасы тапсырма орындаған сайын көбейіп отырады. Бірақ, соңғы тапсырманы орындамағанша, оған дейінгі салған ақшалар қайтарылмайды. Қомақты қаржыға жасалған соңғы тапсырманы шатастыру арқылы дұрыс жасатпайды және ақшаны қайтарудан бас тартады.

Осылайша азаматтар интернеттегі алаяқтардың арбауына түсіп қалып жатыр. Бұл жағдайды алдын алу үшін таңсық номерлерден келген хабарламаларға жауап бермеген жөн, немесе жұмыс ұсынған тұлға мен мекеме туралы, олардың заңды жұмыс атқарып отырғандығы жөнінде ақпараттың шынайылығына көз жеткізіп алған жөн!

Әуелов Ақтөре Асқарұлы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Колледжінің Заң пәндері оқытушысы

Более 3000 рабочих мест появится в железнодорожном машиностроении в ближайшие два года

«В будущем Казахстан должен превратиться в важный транспортный хаб...

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

«Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек....

Чем раньше, тем лучше

Пятьдесят школьников г. Кокшетау стали членами детского общественного объединения...