Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Әл-Фараби аудандық пробация қызметі бөлімімен өздерінің есебінде тұрған азаматтарды бақылап, олардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынған.
Мысалы, Шымкент қаласы акімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығының» ұйымдастыруымен өткен «Бос жұмыс орындары» жәрменкесінде, бос жұмыс орындарына 25 сотталған азамат қатысып, олардың 4-уі тұрақты жұмыспен қамтылды.
Әл-Фараби аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері мұндай игілікті шараның әлі де жалғаса беретіні жөнінде мәлімдеп отыр.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі