2023 жылдың 28 қараша күні ҚР Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясының магистранттарына практикалық сабақ өткізу үшін Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №2 мекемесіне келді, аталған оқу орнының магистрантары А. Нургалиев, Б. Ергешов, А. Касымов және И. Каландаровтың қатысуымен Қазіргі Қазақстан тарихы және Мекмлекет тарихы және құқығы тақырыптарында мекемеде жазасын өтеп жатқан дін ұстанушы сотталғандарға дәріс жүргізілді. Өткізілген дәрістің негізгі мақсаттары:
Қазіргі Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру;
Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен даму проблемаларына, рухани мәдениетке, этногенездің сабақтастығымен оған назар аудару;
Тарихтың іргелі проблемаларының мәнін жеткізу, тарихи танымның ғылыми әдістерін үйрету, ғылыми дүниетаным мен азаматтық ұстанымды қалыптастыру;