12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Денсаулық пен амандық

Кез-келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінің 2023 жылы қарашаның 3-ші жұлдызында Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы Байелі Ә.Ж және 2-курс магистранттары  Закирова Нилуфар, Байсариева Дана, Қалдыбек Асима мен Төлеуова Аяжанның ұйымдастыруымен 2-курс Шетел филологиясы (батыс тілдері) білім беру мамандығының студенттерімен бірге ТМД 3 — «Денсаулық пен амандық» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Қазіргі уақытта жастар арасындағы денсаулықтың маңызы және оның әр адам үшін берілген зор байлық екенін түсіндіре алу — үлкен жауапкершілік. Бағдарлама барысында адам тәннінің саулығынан бұрын жан саулығының маңызына да баса назар аударылды. Алдымен, денсаулық пен жан саулығының адам өміріне берер әсері түсіндіріліп, көптеген ақпараттар мен фактілер қамтылды.  Сонымен қатар, студенттер арасында түрлі сауалнама жүргізіліп, кейін сергіту мақсатында әр-түрлі тақырыбымызды қамтитын түрлі ойындар ұйымдастырылды.

Адам жанының ішкі тірегі ретінде рухани денсаулық  аса зор қызмет атқарады. Сол себепті студенттер арасында дәл осы тақырып аясында талқылаулар жүргізіліп, арнайы психологиялық тест берілген болатын. Әр студентке берілген тестке сай жауаптары аясында анықтамалар берілді.

Іс-шараны қорытындылай келе, әр адам өз тәні мен жанының амандығына жауапкершілік алу қажеттілігін, болашақ бағытымызды білімді және сау адам ретінде қалыптастыру керек деген ой түйдік.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Шетел филологиясы және аударма ісі

Кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к,. Байелі Ә.Ж

2 курс магистранттары Байсариева Дана, Закирова Нилуфар, Қалдыбек Асима, Төлеуова Аяжан

Праздник «Салбурын» прошел в Актобе

Более 100 спортсменов, среди которых беркутчи, мастера игры в...

Новый центр сервиса появится в Катон-Карагае в рамках программы «Ауыл Аманаты»

В Катон-Карагайском районе ВКО продолжается активная реализация важных проектов...

Объем валовой продукции животноводства в Казахстане достиг 3 трлн тенге

Объем произведенной продукции животноводства полностью обеспечивает потребности внутреннего рынка По...

Келер жылы елімізде тағы бір үлкен спорттық дода өтуі мүмкін

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі...

Тіл – темір қазығымыз

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды,...