Заң ғылымдарына елеулі үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің бірнеше буыны бар.Сол қатарды толықтырушы тұлғалардың бірі әрі бірегейі Сартаев Сұлтан. Сартаев С.С . Заң ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі. Қазақстан Республикасы заңгерлер қауымдастығының вице-президенті. «Қазақ КСР Президенті лауазымын белгілеу туралы» заң әзірлеушілердің бірі. Қазақстанға Еңбегі сіңген ғылым қайраткері. Қызылорда облысының Құрметті азаматы.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің құқық,конституциялық және әкімшілік құқық теориясы мен тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде «Сартаев оқулары» атты ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференция өткізеді. Осы қағидатты бұзбай қазан айының 21-ші жұлдызында «Грата» заңгерлік кеңсесімен бірлесе отырып, конференцияның өту мақсаты аясында «Қазақстанның демократиялық мемлекет ретіндегі конституциялық дамуы» атты тақырыпта эссе жазудан байқау өткіздік. Қазіргі таңдағы өзекті мәселе болғандықтан байқауға қатысушылар саны көп болды.Эссе жазу барысында қатысушыларға бірнеше бағыт бойынша жазуға тапсырма берілді.Олар:
-академик С.С.Сартаевтың мемлекеттік құқықтық қызметі;
-С.С.Сартаевтың ғылыми көзқарастары;
-С.С.Сартаевтың заң ғылымдарының дамуына қосқан үлесі мен рөлі.
Конференция онлайн/офлайн режимінде өтті. Конференция барысында ұйымдастырылған байқауға заң факультетінің деканы, з.ғ.д., профессор Байделдинов Д.Л. құқық,конституциялық және әкімшілік құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к Усеинова К.Р және профессорлық-оқытушылық құрам мен Грата заңгерлік кеңсесінің мамандары төрелік етті.Байқауға қатысқан білім алушылардың эсселері әділ-қазы алқаларымен жіті тексеріліп төмендегі студенттерге сыйлықтар мен ақшалай сертификаттарды беру туралы шешім шықты. 1 орын – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 3 курс студенті Исмагулова Е.Қ (100 000 теңге)
2 орын – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 2 курс студенті Исаев А.А (75 000 теңге)
3 орын – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 1 курс студенті Баһадүр Ренара (30 000 теңге)
3 орын – Narxoz университетінің заң факультетінің студенті
Төлеухан Е.А (30 000 теңге).
С.Сартаев өз заманының заңғары болған тұлға.Ол ғылыми кадрларды дайындауға елеулі үлес қосқан.Оның ғылыми жетекшілігімен 4 докторлық және 30-ға жуық кандидаттық диссертация қорғалды. 490-нан астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектері, соның ішінде 24 монография, 30 кітапша, ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалары бар. Қазіргі кезде оның басылуға ірі көлемді еңбегі – “Кеңес шарты” бойынша материалдар мен құжаттардың 25 томы және ҚР мемлекет және құқық тарихы бойынша 10 томдық материалдары бар. Оның қоғам, ел, мемлекет алдындағы сіңірген еңбектері жоғары бағаланып, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталды.
С.С.Сартаев ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференциясының басты мақсаты-Қазақстанның заң ғылымы тарихында жарқын ізін қалдырған көрнекті ғалымның өмірбаяны мен жетістіктерін еске алып, Саяси-құқықтық бағасын талдау, егеменді және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына негіз болған академик С.Сартаев еңбектерінің ғылыми маңызды тұстарымен тереңірек танысу. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетінің ұжымы Сартаевтың заң ғылымдарына қосқан үлесін ескере отыра, заң саласындағы ғылыми еңбектерін: оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, монографиялар, ғылыми еңбектер жинақтарын орналастырып қойған және С.Сартаев атындағы аудитория бар екенін де айта кеткеніміз жөн.
Бискультанова Альбина
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы