12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ — QS WUR жаһандық рейтингіне енген алғашқы жетекші қазақстандық ЖОО

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — Қазақстандағы беделді жоғары оқу орындарының бірі және бірегейі. Университет гуманитарлық, жаратылыстану, әлеуметтік, инженерлік және техникалық ғылымдар, медицина және басқа да білім салаларында білім беру бағдарламаларының кең ауқымын ұсынады. Университеттің халықаралық оқу орындарымен және ұйымдарымен белсенді ынтымақтастық орнатуы тәжірибе мен білім алмасуға оң ықпалын тигізіп келеді. Президент қабылдауында болған  ҚазҰУ ректоры Ж.Қ.Түймебаев: «2022 жылы АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция, БАӘ, Түркияның жетекші университеттерімен 30-дан астам шарт жасалды. ЖОО филиалдары Стамбул мен Бішкекте жұмыс істейді» — деп баяндама жасаған болатын.

Университет сондай-ақ заманауи инфрақұрылыммен және зертханалармен жабдықталған, бұл өз кезегінде студенттерге практикалық дағдылар мен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік беруде.  

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — мәдени және әлеуметтік өмірдің орталығы. Университет студенттердің оқу бағытында ғана емес, басқа да салаларда дамуы үшін спорттық жарыстарды, концерттерді, көрмелерді және басқа да іс-шараларды қоса алғанда, түрлі іс-шараларды ұйымдастырып келеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті — Қазақстанның жетекші заң факультеттерінің бірі. Факультет бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша мамандарды даярлап шығарады. Студенттерге құқықтық қағидаттарды, теориялар мен практикалық дағдыларды толық түсіндіре отырып,  сондай-ақ студенттерге этикалық құндылықтар мен сыни ойлау қабілеттерін барынша бойына сіңіруге жағдай жасайды. Факультеттің негізгі мықты жақтарының бірі оның жоғары білікті және тәжірибелі оқытушылар құрамы болып табылады. Факультет құқық саласындағы танымал құқықтанушылардан, практиктерден және сарапшылардан тұрады. Олар студенттердің сапалы заң білімін алуын қамтамасыз ете отырып, ауқымды білім мен практикалық тәжірибелерімен бөліседі. Сондай-ақ, факультет теориялық оқытудан басқа практикалық дайындық пен эмпирикалық оқытуға да баса назар аударады. Студенттерге практика мен тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін беру үшін жұмыс орындарымен, мемлекеттік мекемелермен және халықаралық ұйымдармен берік байланыстар орнатылған. Бұл баға жетпес тәжірибе студенттерге өздерінің теориялық білімдерін нақты құқықтық мәселелерге қолдануға және табысты заң мансабы үшін қажетті маңызды дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Осы тұста ҚазҰУ заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Д.Л. Байделдиновтің берген сұхбатынан үзінді келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: «ҚазҰУ заң факультеті қазіргі заманғы инновациялық әдістемелерді қолдана отырып, классикалық заң білімінің үздік дәстүрлері негізінде жұмыс істейтін жоғары оқу орны болып табылады. Бүгінде заң факультетін бітірушілердің арасында жоғары білікті мамандар көп, олардың ішінде соттардың, Парламенттің, Үкіметтің, Президент Әкімшілігінің, прокуратураның, ішкі істер, мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және т.б. жауапты қызметкерлері бар.» Университет түрлі салаларда табысты еңбек етіп, Қазақстанның дамуына үлес қосып жүрген түлектерін мақтан тұтады. Факультет сондай-ақ өз студенттері мен оқытушылары арасындағы зерттеу қызметіне жәрдемдесу үшін түрлі ресурстар мен мүмкіндіктер беру арқылы қолдау жасайды. Студенттер мен оқытушылар ғылыми зерттеулермен белсенді айналысып, беделді академиялық журналдарда мақалалар жариялап, ұлттық және халықаралық конференцияларда өз жұмыстарын ұсынып келеді.

Мақаламызды қорытындылай келе айтарымыз, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті — жоғары білікті және этикалық заңгерлерді даярлауға арналған еліміздегі бірден-бір факультет, ал әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – студенттердің сапалы білім алуы және өз дағдылары мен әлеуетін дамыту үшін кең мүмкіндіктер ұсынатын еліміздегі ең беделді оқу орындарының бірі.

Пвйдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Президент Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады. 2023 жылғы 10 наурыз. Президент Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты (akorda.kz)

2. Даулет Байдельдинов: В Казахстане сформировалась юридическая элита. Даулет Байдельдинов: В Казахстане сформировалась юридическая элита (mail.kz)

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Заң факультеті

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасы

«Құқықтану» мамандығының

2-курс магистранты Мұратқызы Альбина

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы,

з.ғ.к., доцент  Мұқалдиева Гулия Бөкешқызы

Еңбек дауларын қарау тәртібі

Еңбек даулары бүгінде ең өзекті және күнделікті мәселелердің қатарында....

Түркістанда «Заң және Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына...

Қызылордада сотталғандарға «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде тәрбие бөлімінің...

Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай...

Қызылордада сотталғанға есірткі жеткізбек болған азамат анықталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды...