12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сауранда сотталғандар кітап оқыды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Сауран аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар аудандық кітапханаға тіркеліп, қызықты кітаптарды оқуға кірісті.
Аудандық кітапхааның ұымдастырумен «Жазасын өтеушілер еңбекпен түзеледі» атты іс шара өткізді. Аудандық кітапханадан әртүрлі жанрдағы әдеби шығармаларды, поэмаларды, тарихи және психологиялық кітаптарды оқуға болады. сотталғандар арасында кітап оқуға ниет білдіретіндердің саны күн санап артып келеді.
Аталған шараның мақсаты, бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғандардың бойына адами құндылықтарды қалыптастырып, кітап оқуға , бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақыру. Қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін бағытталған іс шараға, Сауран аудандық орталықтандырылған кітапханасының басшысы Қ.Ажмаханқызы, Пробация қызметінің бөлім бастығының у.м.а әділет капитаны Тлеулиев Абылай Темірханұлы қатысты. Аталған іс шарада кітапханашы К.Примханова кітапхана тарихы, кітапхана қорындағы кітаптармен таныстырып, «Кітап өзіңді дамыту үшін керек» атты кең көлемді кітап көрмесіне шолу жасаса, кітапханашы М. Беристемова баяндама оқыды. Кітапханашы Орынбек Айдана қатысушыларымен «Теңіз жағалауында» сергіту тренингін ұйымдастырды.
Кітапхана маманы пробация есебінде тұрған сотталған азаматтарды кітапқа деген қызығушылығын көріп қуанғанын жасырмады.

– Пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтардың бойындағы әрқилы қабілеттеріне орай бағыт-бағдар беру, ақпаратпен алмасу, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық кітапханаға кітап оқуға алып келіп тұрамыз. Кітаптар біздің заманымызда сирек кездеседі. Бүгінгі жастар электронды кітаптар мен ақпараттық порталдарды оқиды. Өкінішке орай, кітаптар екінші орынға түсіп қалды. Бірақ, олар оқырманның сөздік қоры мен ішкі әлемін толықтыруға көмектесетінін түсіну керек. Біздің университеттің берген кітаптары жазасын өтеушілер арасында жоғары сұранысқа ие болады деп сенеміз. Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал, сол ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, ұтқырлығын оздыратын да, сөзге шешендігін шынықтыратын да – кітап екені ақиқат. Кітап оқудың артында көптеген адамдар ішкі әлемінде ие болады және сөздік қорын толықтырады. Себебі, қателік жасап жазаға тартылған адамдар әсіресе рухани байытуға мұқтаж, — деді Сауран аудандық Пробация қызметінің бөлім бастығының у.м.а әділет капитаны Абылай Тлеулиев.
Толстой өз кезегінде «Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» дегендей, шынында да бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғандар үшін, кітап оқу уақыт өткізу көзі ғана емес, өз-өздерін қайта тәрбиелеудегі таптырмас құрал болып табылады.
Қайсар есімді сотталған осы күнге дейін 20 кітап оқып шығыпты. Ал, жыл басынан бері әртүрлі жанрдағы 5 кітапты оқыған. Қазіргі таңда ол орыс тілінде жазылған шығармаларды да оқуға кіріскен екен. Болашақта ағылшын, түрік, қытай тілдерін үйренуді жоспарлап жүргенін де айтып өтті.
–Мен қателікке бой алдырып, қылмыс жасағаныма өкінемін. Өзім кітап оқығанды бұрыннан ұнатамын. Менің соңғы оқыған кітабым, Әзілхан Нұршайховтың «Ақиқат пен аңыз» атты шығармасы. Бұл кітапта Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасы мүсінделеді. Батыр атамыздың сонау жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы бейнесі бейнеленген. Сондай-ақ, маған Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» кітабы да қатты ұнайды. Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Шаханов және тағы да басқа жазушыларымыздың шығармаларын оқыдым. Енді кітапханаға келіп психологиялық және өз кәсібіңді ашудың жолдары жайында жазылған кітаптарды оқысам деп отырмын. Бізді қоғамнан шеттпей түзелу жолына түсу үшін жағдайымызды жасап отырған Мемлекет басшысына және Сауран аудандық пробация қызметіне алғысым шексіз, — деп өзінің оқыған кітаптары жайлы бөлісті.
Осы тұста Ғабит Мүсіреповтің, «кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген сөзі еске түседі. Әрине, бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғандар кітаптан алған әсерлерді кейін өмірлік қажетіне жарата білсе. Пробация есебіне бір жарым жыл бұрын алынған Қайсардың кітап оқи отырып, оның рухани дүниесінің өскендігін байқауға болады.

Между реформами и ограничениями

Свобода слова остается одной из важнейших тем в общественно-политической...

Сөз қадірі — өз қадіріміз!

Тіл — қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де...

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім...

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді

9-14 мамыр аралығы Алматы облысында Халықаралық «Ұлы дала жорығы»...