12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Мыңжылдықтар тоғысындағы өркениет» көрмесі өтті 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ӨРКЕНИЕТ»атты  көрменің ашылу салтанаты өтті.  Аталмыш іс-шара ТҮРКСОЙ-дың 30 жылдығына орай Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.  
            Түркі елдерінің басын біріктіретін халықаралық ТҮРКСОЙ  ұйымының басты мақсаты - түркі халықтарына ортақ материалдық және мәдени ескерткіштерді сақтау, дамыту және болашақ ұрпаққа жеткізу. ТҮРКСОЙ ұйымы өз қызметі арқылы түркі елдері мен халықтарын түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамытуға, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтап, насихаттауға жұмылдырып келеді.  
               Көрмені ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы – Сұлтан Раев пен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице министрі Еркінбаев Ержан Мәлікұлы салтанатты түрде ашты.
               Тарихи және мәдени мұраны сақтау және ілгерілету мақсатында ҚР MОМ ТҮРКСОЙ ұйымымен ұзақ жылдар бойы тығыз байланыс орнатып келеді. Осы күнге дейін ТҮРІКСОЙ-дың  қолдауымен ғылыми және білім беру форумдары (Алматы, 2013, Прага, 2019, Бурса, 2022, Будапешт, 2023), сондай-ақ Стамбулдағы Түркі және Ислам мәдениеті музейінде «Ұлы даланың тарихи-мәдени бейнесі» (2018) атты көрме өткен болатын. ҚР МОМ ұжымы биыл да осы дәстүрден жаңылмай, «Мыңжылдықтар тоғысындағы өркениет» аттыкөрме ұйымдастырып,әлемдік өркениеттің бастауы болған байтақ даламыздыңматериалдық мәдениетін айшықтайтын бірегей экспонаттарды көпшілікке ұсынды. 

            Көрмедегі басты жәдігер – Алматы облысы, Есік қорғанынан табылып, Кемел және Әлішер Ақышевтардың ғылыми жобасы бойынша жаңғыртылған «Алтын адам». Сондай-ақ ерте темір дәуірі яғни сақтар мәдениетіне тән кезеңді қамтитын Алматы қаласынан және оның маңынан табылған бірегей артефактілер, жылқыны алғаш болып қолға үйреткен Ботай қонысының құнды қазыналары мен Орта ғасырлық ұлы «Жібек жолы» бойындағы қалашықтардан табылған тарихи жәдігерлер де көрмеден көрнекті орын алды. Сонымен қатар, қазақтың дәстүрлі мәдениетін айшықтайтын бірегей экспонаттар – ұлттық музыкалық аспаптар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, қазақтың бас ақыны  Абай Құнанбайұлы, философ, ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы секілді түркі әлеміне танымал тұлғалардың қолжазбалары, бейнелеу өнері туындылары, тұрмыстық заттар мен зергерлік бұйымдар, дәстүрлі киім үлгілері, кілем және киізден жасалған заттар т.б ҚР МОМ қорынан алынған 100-ден астам бұйымдар ұсынылды.

               Шара аясында ТҮРКСОЙ атынан зиялы қауым өкілдері де марапатталды. Олардың қатарында Абай атындағы опера және балет театрының директоры Нұрбақыт Бөкебаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, опера әншісі Гүлзат Дәуірбаева, Алматы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова, ҚР МОМ директоры Рашида Харипова сынды өзге де мәдениет және өнер қайраткерлері бар. 

Көрменің мақсаты: тарихи-мәдени мұраны насихаттау, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту және түркі мәдениетін халықаралық аренада ілгерілету. 

Бишімбаев сотқа телефонының құпиясөзін беруден бас тартты

Бүгін Қуандық Бишімбаев сотқа телефонының құпиясөзін беруден бас тартты....

В Кызылорде акимам разъяснили антикоррупционные нормы

Антикоррупционной службой по Кызылординской области акимам 26 сельских округов...

Кәмелетке толмаған сотталғандар арасында мамандандыру жұмыстары жүргізілуде

№11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмаған сотталғандар арасында...

Білім саласындағы жаңашыл әдістер

   Қазақстанның білім берудегі басты мақсаты - көшбасы мемлекеттердің...

Осрочка отбывания наказания

В службы пробации Ауэзовского района ДУИС по г.Алматы приносит...