spot_img
spot_img

Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекеттер құрамына кіруге ниетті емес — Тоқаевтың баспасөз хатшысы

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Еуразиялық экономикалық форумдағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Руслан Желдібай Мемлекет басшысы жақында Мәскеу қаласында өткен II Еуразиялық экономикалық форумға қатысқанын айтты.

«Президент жиын барысында бүгінде сарапшылар қауымдастығы кеңінен талқылап жатқан бірқатар мәлімдеме жасады.

ЕАЭО аясындағы интеграция тек қана экономикалық сипатта ғана жүруі керек. Бұл – Президенттің негізгі ұстанымы. Оның шеңберінен шығу ұйымның жарғылық құжаттарының мақсаттарына, принциптері мен міндеттеріне қайшы келеді», — деп жазды Руслан Желдібай Facebook-парақшасында.

«Президент атап өткендей, экономикалық интеграция – бұл түпкі мақсат емес, ол экономиканы дамытудың және халықтарымыздың әл-ауқатын арттырудың негізгі құралдарының бірі. Яғни, ұйым аясында қабылданатын кез келген шешім оның әрбір мүшесіне және, ең алдымен, олардың азаматтарына пайдасын тигізуі тиіс».

Сонымен қатар, ол түрлі деңгейдегі интеграция мәселесі қозғалғанын айтты.

«Бүгінде ЕАЭО-ның екі мүшесі – Ресей мен Беларусь өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейіне шықты. Бұл – ерекше прецедент. Мемлекет басшысының пайымынша, шын мәнінде, бір халық және бір мемлекет туралы сөз болып отыр. Осы ретте мүлде басқа мақсаттарды көздеген екі түрлі интеграциялық жоба шеңберіндегі бастамалардың ара-жігін ажырату аса маңызды».

«Біздің елімізге келетін болсақ, Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекеттер құруға немесе олардың құрамына кіруге ниетті емес және оны жоспарлап отырған жоқ«.

ПРОВЕДЕН ДЕТСКИЙ ТУРИСТИЧЕСКИЙ ФЕСТИВАЛЬ «ТУРИЗМ ПРОТИВ НАРКОТИКОВ!»

Управление по противодействию наркопреступности ОДП Кызылординской области с привлечением...

«ТУРИЗМ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ!» АТТЫ БАЛАЛАР АРАСЫНДА ТУРИСТІК ФЕСТИВАЛЬ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, "Спорттық...

Финал НХЛ 2023: Вегас против Флориды

В плей-офф НХЛ осталась лишь одна серия – в...

Астана халықаралық форумының маңызы туралы

Астана Халықаралық форумы (ХФА) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік,...