12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Келесте үш сотталған әкімшілік жауапкерлікке тартылды

Мамыр айының 15-25 аралығында «Подучетник» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Келес аудандық пробация қызметі, және Полиция бөлімі инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Қылмыстың алдын алу және бұрын істі болғандармен кері байланыста мұндай шаралардың маңыз зор! Сондықтан ауданда мұндай профилактикалық шараларды жиі өткізіп тұрады.

Іс-шара барысында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғаларды мекен-жайлары бойынша тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Бас бостандығынан айыру жазасына байланысты емес жазаға сотталғандардың негізгі міндетін сот белгілейді. Атап айтқанда, оларға жұмыстан немесе оқудан бос кезде міндетті түрде тұрғылықты жерде болу, алкагольдік ішімдік ішетін, құмар ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметіне белгілеген күндері келіп тіркелу міндетті болып табылады. Осы тәртіпті бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады. Ал, шартты жаза болған жағдайда шартты мерзімді ұзарту немесе шартты жазаның күшін жойып бас бостандығынан айыру жазасына алмастыруға сотқа ұсыныс жолданады, — деді Келес аудандық пробация қызметінің бастығы Нұрдәулет Әшірбаев.
Пробация қызметі бастығының сөзіне қарағанда бір күнде 25 сотталғанның үйі мен жұмыс орынына барып тексерген. Тексеру барысында үш сотталғанға ескерту беріліп, әкімшілік жазаға тартылған. Сотталғанның бірі тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуде болмаған, екі сотталған тексеру барысында пробация қызметінің инспекторына ескертпестен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін дәлелдесе шартты түрде соттаудың мерзімінен бұрын босату жөнінде сотқа ұсыныс беріледі. «Подучетник» жедел-профилактикалық іс-шарасының өтуі барысында құқық бұзушылыққа бейім адамдар тізімі анықталып, есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерістер жүргізіліп, сотталғандармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

На страже порядка 

В последние годы в нашем обществе все более актуальными...

Методы лечения сердца

Новые технологии и методы лечения аритмий внедряют специалисты Центра...

Циркулярная экономика 

В рамках IX Евразийского бизнес-форума «Green Energy & Waste...

Гарант судебной ветви власти

Конституция – это не просто Основной Закон, а идеологический...

Реальный сектор промышленной политики

Реализация инфраструктурных проектов в свете реализации новой промышленной политики,...