12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ВИРУСОЛОГ – ЗАМАН МЕН ҚОҒАМ ТАЛАБЫНА САЙ МАМАНДЫҚ

Вирусолог мамандығы — вирустарды және олардың адам ағзасына әсерін зерттейтін ғылыми және клиникалық саладағы кәсіптердің бірі. Дәрігер — вирусолог адам мен жануарларды жұқтыратын вирустардың морфологиясы, эволюциясы және генетикалық құрылымы саласындағы ерекшеліктеріне қарай емдеу шараларымен айналысады. Сондай-ақ дәрі-дәрмек пен вакцина жасауға да қатысады. Ал, вирусолог зерттеуші вирусқа қарсы вакциналар мен препараттарды жасайды. Оның міндеті — аурудың таралуын алдын алу және инфекцияның алдын алатын вакцинаны жасау немесе инфекция пайда болған жағдайда ауруды жеңуге көмектесетін дәрі жасау.

Елімізде вирусолог дәрігерлер мен зерттеушілердің 2019-2020 жылдары SARS-CoV-2 короновирус індетінің әлем бойынша таралған кезде  тапшылығы қатты байқалды. Осыған байланысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультеті биотехнология кафедрасында болашақ вирусолог-зерттеуші мамандарды дайындау алға қойылды. «7М05114 – Вирусология» бағыты бойынша оқу бағдарламасы әзірленді. Аталған оқу бағдарлама бойынша білім алған түлек зерттеуші-вирусолог және сарапшы кәсіби қызмет түрлеріне дайындалады.

Болашақ зертттеуші-вирусологтар жануарлардың, өсімдіктердің және адамдардың вирустық ауруларын анықтау және табиғатын анықтаудың өзіндік классикалық вирусологиялық, биохимиялық және молекулалық-генетикалық әдістерін, вирусоскопиялық, метагеномиялық, биологиялық, серологиялық, вирустарды оқшаулау және өсіру, вирус геномдарын талдау, вирустық инфекцияларды диагностикалау және анықтауды меңгереді. Сонымен қатар вирустық аурулардың пайда болуы мен таралуының, қоршаған ортаның биологиялық ластануының мониторингін және карантиндік іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде аса қауіпті инфекция ошақтарындағы халықты қорғау әдістерін айқындайды. Аса қауіпті вирустарды зерттеу мақсатында вирусологиялық зерттеулерді жоспарлау және жүзеге асыру әдістемесін анықтау, вирустық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу, диагностикалық, емдік және профилактикалық препараттарды өндірумен байланысты мәселелерді іздестіру, сыни тұрғыдан талдауға қабілеті болады. Жоғары технологиялық әдістерді қолдана отырып, вирусология саласындағы эксперименттік жұмыстарды жоспарлау, вирустарды оқшаулау және вирустық инфекцияларды диагностикалау әдістері, сондай-ақ алынған нәтижелерді интерпретациялау, биологиялық ақпараттың қолда бар дерекқорларын пайдалана отырып, биоинформатикалық ресурстарды пайдалануды игереді. «7М05114 – Вирусология» бағыты бойынша оқу бағдарламасын дайындау жұмыс берушілердің талаптарына сай келісіммен жасалды. Зерттеуші-вирусолог мамандар болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер ретінде ҚР ЖБ және ҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» мен «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС негізгі жұмыс берушілер болады.

Болашақ вирусологтар қоғамда сұранысы өте жоғары  мамандардың бірі ретінде емханалардың, ауруханалардың, ғылыми-зерттеу институттарының зертханаларында, вакциналарды әзірлеумен және өндірумен айналысатын фармацевтикалық өнеркәсіптердің мамандандырылған бөлімдерінде жұмыс істеуіне, сонымен қоса, ғылыми қызметпен айналысуға немесе жоғары немесе орта оқу орнында оқытушы болуға әрқашан мүмкіндігі бар.

Сыдыкбекова Р.К., Бержанова Р.Ж., Бектілеуова Н.К.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультеті биотехнология кафедрасы

Жазасын өтеуші азамат бостандыққа шықты

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Тергеу мекемесінде «Майнд машинасы» арқылы эмоциясын ретке келтірді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Жәрмеңкеден жұмыс тапты

24.04.2024 жылы Арал ауданындағы З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде...

№37 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен «Діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті

23.04.2024 жылы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, РАТТ мүшесі,...