Жас ғалымдардың қатысуымен “Фараби әлемі” атты халықаралық конференциясы өз мәресіне жетті

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция аясында университет факультеттерінде жүзден астам секция жұмыс істеді. Секциялар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізілді. Жалпы, «Фараби әлемі» конференциясы 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Конференцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу және оқу-ағарту қызметін дамыту, жас ғалымдардың ғылым саласындағы өзекті мәселелерді шешуге қатысты  ұсыныстарын тыңдау, әрі талантты жастарды қолдай отырып интеллектуалды орта қалыптастыру. Конференцияда ғылымның түрлі салалары бойынша теориялық, эксперименттік және қолданбалы бағыттағы  секциялар бойынша баяндамалар тыңдалды. Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы да университетіміз үшін маңызды шараға белсенді атсалысты.Кафедра атынан қатысқан жас ғалымдар қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып отырған қылмыстық құқық саласындағы түйіні жоқ түйткілдерді айтып,сот жүйесіндегі маңызға ие тақырыптарды талдап өтті.

Ауқымды шара шеңберінде студенттердің инновациялық жобаларының көрмесі  де ұйымдастырылған болатын.Көрмеге жиналғандар ҚазҰУ студенттерінің барлық салада жасалған заманауи инновациялық жұмыстарын тамашалады. Конференция жұмыстары қорытындысы бойынша материалдар жинағы жарыққа шығару жоспарланған.Байқау жеңімпаздарын университет ректоры Жансейіт Түймебаев құттықтап, жас ғалымдардан болашақта үлкен үміт күтетінін жеткізді.

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ МЕЙРАМХАНАЛЫҚ КЕШТЕРДЕН БАС ТАРТЫП, ИГІЛІКТІ БАСТАМАЛАРҒА БЕТ БҰРУДА

Астана қаласында биылғы мектеп бітіруші түлектер арасында жаңа әлеуметтік...

Салауатты өмір салты – сапалы білімнің кепілі

XXI ғасырда мемлекеттің тұрақты дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен емес,...

РЕЗУЛЬТАТЫ ПЕРЕГОВОРОВ

Результаты вчерашних переговоров Токаева и Путина показали, что Астана...

Алматы қаласының мемлекеттік қызметшілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша...

Государственным служащим города Алматы даны разъяснения

Сегодня руководителем Управления контроля в сфере государственной службы Департамента...