Жаңа үлгідегі жүйе жұмыс сапасын жақсартты

Мемлекет басшысы өзінің ел халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты дәстүрлі жолдауында полиция, прокуратура мен сот өкілеттіліктерін нақты айқындайтын құқық қорғаудың үш деңгейлі моделін енгізуді тапсырғаны баршаға мәлім. Себебі, бұл үлгі азаматтар құқығын заманауи тұрғыда қорғауды қамтамасыз етуде халықаралық талаптар үддесінен шығады.

Құқық қорғау органдары мен соттардың аталған үлгіде жұмыс істеп жатқанына бір жылдан асты. Содан бері байқалғаны, жұмыстың жаңа тәсілде атқарылуы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тиімділігін одан әрі арттырып, заң үстемдігін орнатуға оң ықпалын тигізуде.

Осы тұрғыда сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысына енгізілген прокурормен келісу институтының маңызы зор. Мысалы, қолданыстағы заң шеңберінде сотқа дейінгі іс жүргізу органдарының қызметкерлеріне дәлелдер жинап, қылмыстық істі тергеп-тексеріп, анықтап біткен соң соңғы шешімдерін прокуратураға өткізу міндеті жүктелген. Айта кетерлігі, бұған дейін прокурор тергеу барысында қабылданған маңызды құжаттарға араласа алмайтын. Қазіргі күні тергеп-тексеру органының процестік шешімдері мен қаулылары прокурордың келісімімен ғана бекітіледі. Жаңа жұмыс тәсілінің басты айырмашылығы да осында. Қылмыстық істің сотқа жетпей тұрып жіті қаралуы азаматтарды негізсіз жазалауға тосқауыл болады. Яғни, прокуратура айғақ-дәлелдемелерді бағалап, тергеу, анықтау кезіндегі заңсыздықтың алдын алады.

Соттар тергеп-тексеру сатысында адамның құқығы мен бостандығының сақталуын саралап, тергеу және прокуратура органдарына азаматтар тарапынан берілген шағымдарды қарайды. Соның нәтижесіне қарай, сот талқылауында азаматтың кінәлі немесе кінәсіздігі анықталып, үкім шығарылады.

Шағымдарды жан-жақты зерделеу өз кезегінде бұзылған немесе нұқсан келтірілген құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіреді. Сонымен қатар, бұл жүйе жауапты органдар қызметкерлерінің қызмет сапасын жақсартып, жауапкершілікті арттыруымен құнды.

Қорыта айтқанда, құқық қорғау мен соттың тергеу сатысындағы өзара іс-қимылы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының әділ қорғалуының кепілі.

Аталған саланы жаңғырту азаматтар мүддесіне қызмет етіп, халық үніне құлақ асатын мемлекетке апаратын бірден-бір жол. Дамыған елдерде мұндай үлгі бұрыннан бар. Себебі, қылмыстық істегі қателік адам тағдырына түбегейлі әсер етеді.

Сондықтан, полиция мен прокуратура және соттар әрбір адамның әділ қорғалуын қамтамасыз етіп, олардың жазықсыз жапа шегуіне жол бермеуге міндетті.

Жомарт Мұхамбетжан,

Түрксіб аудандық сотының төрағасы

Алматы қаласы

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі....

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын жүйелі мәселелер қалай шешілуде?

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан...

Deepfake дәуірі: Синтетикалық аккаунттар

Бұрын әлеуметтік желідегі парақша артында нақты адам отырады деп...

Столкнулись с проблемами при получении государственной услуги?

В целях защиты прав граждан и повышения качества оказания...

Мемлекеттік қызмет алу барысында қиындықтарға тап болдыңыз ба?

Азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру...