Жаңа қаулы: білім беру ұйымдарында коронавирус шектеулері алып тасталды

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлерде білім беру ұйымдарында шектеулер алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ең алдымен, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға қойылатын талаптар алынып тасталды. 

Сонымен қатар, күн сайынғы «кіру» сүзгісіне (жанаспайтын термометрмен термометрия) қойылатын талаптар алынды. 

Ashyq-ты пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрия жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңір «қызыл» аймаққа ауысқан кезде меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында Ashyq мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және күн сайынғы кіру сүзгісін (жанаспайтын термометрмен термометрия)  жүргізу қамтамасыз етіледі.

Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының осы қаулыға қайшы келмейтін бөлігіндегі талаптарын қатаң сақтау қамтамасыз етіледі.

Осы қаулының орындалуын бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова өз бақылауына қалдырады.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Болашақ мұғалім үшін біліммен қатар кәсіби ортада өзін еркін...

КазНУ формирует экологическую культуру

В Казахском национальном университете им. аль-Фараби постоянно проходят мероприятия,...

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен Ахмет Байтұрсынұлы...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан қоғамының бүгінгі даму бағыты – жас буынның әлеуетін...

ҚазҰУ — сапалы білімнің бастауы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-ғасырдан аса тарихы бар, еліміздегі...