Жаһандық тұрақсыздық жаңа мүмкіндіктер көзі ме?

Қазіргі геосаяси ахуал Қазақстан үшін жаңа сын-қатерлермен қатар, тың мүмкіндіктер терезесін де ашып отыр. Ресей–Украина соғысы салдарынан қалыптасқан санкциялық қысым мен жеткізу тізбектерінің үзілуі дəстүрлі сауда бағыттарын қайта қарауға мəжбүр етті.

Осы жағдайда Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі транзиттік рөлін күшейтіп, «Орта дəліз» арқылы Еуропалық Одақ, Қытай жəне Орталық Азия елдері арасындағы логистикалық байланыстың маңызды буынына айналып келеді. Бұл бағыттағы инфрақұрылымдық инвес тициялар мен саяси келісімдер елдің ұзақмерзімді стратегиялық позициясын нығайтуға ықпал етеді. Экономикалық тұрғыда жаһандық өсімнің баяулауы Халықаралық валюта қоры тарапынан да расталып отыр. Бұл – шикізатқа тəуелді экономикалар үшін тəуекел. Сондықтан Қазақстан үшін экономиканы əртараптандыру, өңдеу секторын дамыту жəне инвестициялық климатты жақсарту негізгі басымдыққа айналды. Сонымен қатар, климаттық күн тəртібі де күшейіп келеді. «Жасыл экономикаға» көшу, көміртек бейтараптығына ұмтылу – тек экологиялық емес, сонымен қатар экономикалық трансформацияның да өзегі. Технологиялық тұрғыда цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу мемлекеттік басқару сапасын арттырып, бизнестің бəсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған. Тоқетерін айтқанда, жаһандық тұрақсыздық кезеңінде Қазақстан үшін басты міндет – сыртқы қысымдарға бейімделе отырып, жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалану. Бұл стратегиялық икемділік елдің аймақтық əрі халықаралық аренадағы орнын айқындайтын негізгі факторға айналмақ.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...

Соттағы қылмыстық істерді қараудың басты бағыттары: әділдік пен заңдылық кепілі

Қылмыстық істерді сотта қарау – адам тағдыры шешілетін, қылмыстық...