Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық сот құру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Қазақстан Республикасының сот жүйесінде кассациялық саты сот актілерінің заңға сәйкестігін тексерудің маңызды процессуалдық тетіктерінің бірі болып табылады.

Жалпы, кассациялық соттардың құрылуы кезінде олардың тиімді жұмыс істеуі, судьялардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялық лауазымдарға ашық және жария түрде іріктеу қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екендігі қарастырылды.

Атап айтқанда, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сот актілерін түсіндіру, сот отырыстарын дыбыс-бейне таспаға жазу бойынша жүзеге асырылған шаралар сот жұмысындағы төрелік ету кезінде әділ шешімге деген өз көзқарастары мен сенімдерін арттырды деп айтуға болады. Жоғарғы Сот бұл нәтижемен тоқтап қалмай, төрелікке деген сенімді қалыптастыруға түрткі болатын тетіктерді жан-жақты қарастыруда. Президенттің кассациялық сот құру туралы ұсынысы қазіргі таңда жүзеге асырылып, өз жұмысын бастады. Ең бастысы, кассациялық соттың құрылуы сот жүйесінде тиімді шешім екенін көрсетті.

Кассациялық сатының негізгі ерекшелігі – істің мән-жайларын қайта  зерттеуге емес, құқық нормаларының заңға сәйкес дұрыс қолданылғанын тексеруге бағытталуы. Сондықтан, қазіргі таңда кассациялық сатыдағы соттың алдағы атқарылатын жұмыстары еліміздегі сот жүйесінің дамуына өз үлесін қосып, халықтың сот әділдігіне деген сенімін арттырады.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің басшысы А.Куншыгарова

Оңайлатылған әкімшілік рәсім

         2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік...

Тұрғын үй даулары санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшелігі

Тұрғын үйге қатысты даулардың жария құқықтық қатынастардан туындайтын даулар...

Мемлекеттік тіл — сот төрелігінің маңызды құралы

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі орны ерекше. Қазақстан Республикасы Конституциясына...

Қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі

Қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі – әділ сот талқылауының негізгі...