12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерінің бұзылуы

Конституцияға сәйкес, әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын сотта қорғауға құқылы. Соған орай, ел заңдарымен жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтірудің нормалары бекітілген. Мәселен, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі АПК) азаматтық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін ерекше тәртіппен қайта қарауға мүмкіндік береді. Мұндай қайта қарау тек жаңадан ашылған мән-жайлар болған кезде ғана жүргізіледі. Аталған институт сот төрелігінің әділдігін қамтамасыз ету мен сот актісінің заңдылығын, негізділігін қалпына келтіру мақсатын көздеуімен құнды.

Жаңадан ашылған мән-жайлар институты АПК-нің 55-тарауымен реттеледі. Олардың құқықтық түсінігі:

— істі қарау кезінде сотқа белгілі болмаған, әрі тараптар үшін де белгісіз, істің мәнісіне тікелей ықпал ететін мән-жайлар;

— соттың қылмыстық жазамен жазаланатын әрекеттері анықталғаннан кейін қабылданған (жалған айғақ, жалған қорытынды, көрінеу жалған құжат, дәлелдемені жасыру т.б.) фактілер;

— сот актісінің негізіне алынған нормативтік құқықтық актінің Конституцияға сай еместігі туралы Конституциялық Соттың шешімі;

— сот шешіміне ықпал ететін өзге де заңда көзделген жағдайларды қамтиды.

Бұлардың барлығы істің әділ шешілуіне тікелей әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге сот талқылауы кезеңінде объективті түрде белгісіз күйде болуымен сипатталады.

Сот тәжірибесінде қолданылуына келсек, Жоғарғы Соттың азаматтық істер бойынша сот практикасы төмендегідей ұстанымдарды қалыптастырған:

1) Жаңа дәлел емес, дәлелдің жаңа мәні ашылуы тиіс, яғни, жаңадан ашылған мән-жайлар — бұл бұрын болмаған немесе тараптарға объективті түрде белгісіз болған фактілер. Ескерерлігі, тек бұрын ұсынылмаған дәлелдер жаңадан ашылған мән-жай болып танылмайды.

2) Мән-жай істің нәтижесіне әсер етуі міндетті, мәселен, сот жаңадан ашылған мән-жайлардың сот шешіміне елеулі түрде ықпал ететін-етпейтінін бағалайды. Ықпал етпеген жағдайда қайта қарауға негіз болмайды.

3) Қылмыстық жазаланатын әрекеттер дәлелденген болуы тиіс, яғни, жалған айғақ, жалған сарапшы қорытындысы, пара, құжаттарды қолдан жасау туралы фактілер жаңадан ашылған мән-жай болып танылуы үшін соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы болуы міндет.

4) Конституциялық Соттың шешімі – абсолюттік негіз.

Сот актісінің негізіне алынған норма Конституцияға сай емес деп танылған кезде бұл жаңадан ашылған мән-жай ретінде міндетті түрде қайта қаралады. Сот тәжірибесінен айтсақ, мұндай арыздардың басым көпшілігі қанағаттандырылмайды. Олардың қанағаттандырылмауына дәйекті дәлелдер мен тиісті негіздердің болмауы себеп болады.   

Өтініш беру мерзімі мән-жай белгілі болған күннен бастап үш айды құрайды. Онда мән-жайлардың ашылған уақыты, олардың іс үшін маңызы,  растайтын құжаттар міндетті түрде көрсетілуі керек.

Сот актісі бұзылған жағдайда оның өзіндік құқықтық салдарлары болады. Жаңадан ашылған мән-жайлардың шынайылығы сотпен танылған кезде мына үш жағдайға алып келеді, нақты айтсақ, сот актісі толық немесе ішінара бұзылады немесе іс қайта қарау үшін бірінші инстанция сотына жіберіледі не  қажет болған жағдайда жаңа сот талқылауы жүргізіледі.

Азаматтық істерде жаңадан ашылған мән-жайлар институты сот актілерінің заңдылығын қамтамасыз ететін ерекше құқықтық тетік саналады. Аталған институт азаматтардың құқығын сот арқылы қорғауға, сонымен қатар, жаңа материалдық фактілерді бағалауға, әділ сот төрелігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Сот тәжірибесінде сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлардың негізінде қайта қарау қатаң сүзгіден өтіп, сот шешімінің тұрақтылығы мен бұзылған құқықтарды қалпына келтіру арасындағы тепе-теңдік жоғары құқықтық деңгейде сақталады. Өйткені, құқықтық маңызы бар, шынайы жаңа фактілер ғана сот актісін бұзудың басты шарты саналады.

Нұрлан Нұрмаханбетов, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Аумақтан тыс соттылық қағидаты

Аумақтан тыс соттылық қағидаты әкімшілік сот ісін жүргізуде әділ...

ҚазҰУ студенттері өзекті мәселені дөңгелек үстелде талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық құқық...

ҚазҰУ-да кедейлікті жою мәселесі талқыланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінде азаматтық құқық...

Жеке бас бостандығы Конституциямен қорғалған

Адамның жеке басының бостандығы мен ажырағыссыз құқықтары Конституциямен қорғалған,...