12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жаңа Конституция мемлекеттің дербес таңдауын және кемелдігін айғақтайды – Айдарбек Қожаназаров

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Respubliсa» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді және оның еліміздің ары қарай дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

«Ұсынылып отырған Конституция жобасы дайын үлгілердің көшірмесі емес. Иә, біз халықаралық тәжірибені зерделеп, кәсіби қауымдастықпен кеңестік. Алайда түпкілікті мәтін – дербес таңдауымыздың нәтижесі. Ол біздің қоғамның құндылық негіздерін бейнелейді, тарихи сабақтастықты сақтайды әрі жаңа сын-қатерлерді ескереді», – деді депутат.

Құжаттың мазмұны туралы тоқталған Қожаназаров егемендіктің иесі әрі биліктің бірден-бір бастауы – халық екенін атап өтті. Мемлекеттің тұрақтылығы келісім мен ынтымаққа негізделеді. Оның айтуынша, болашақ даму бағыттары мен цифрлық трансформацияға ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар ол басқару құрылымындағы өзгерістерге де тоқталды.

«Бір палаталы Парламент – Құрылтай қалыптастырылады, оның бақылау функциялары күшейтіледі. Партиялардың маңызы артып, олардың қоғам алдындағы саяси жауапкершілігі күшейеді. Бұл қадамдар институционалдық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған», – деді фракция жетекшісі.

Сөз соңында Айдарбек Қожаназаров жаңа Ата Заң ұзақ мерзімді институционалдық жаңғыру құралы екенін жеткізді.

«Жалпы алғанда, жаңа Конституция – жай ғана құқықтық құжат емес. Бұл – институттарды жаңартуға арналған құрал. Біз өкілеттік пен жауапкершілік арасындағы сәйкестік, стратегиялық жауапкершілік пен қоғамдық сенім қалыпты қағидаға айналатын, мықты, әділетті әрі тұрақты Қазақстанның негізін қалаймыз», – деп түйіндеді ол.

Жаңа Конституция азаматтардың елдің саяси өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді – ЖСДП төрағасы

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік сипатын күшейтіп, саясаттың өзегіне...

«Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында «Ауыл» партиясының төрағасы...

Депутат Пономарев: жаңа Конституция Қазақстандағы қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтады

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші...

Кассациялық соттың мәні мен маңызы

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде кассациялық соттар маңызды рөл атқарады....

Жекеше қаулы шығару ерекшеліктері

Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты сақтау үшін сот органдары тек...