Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі 

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заңның басты мақсаты – қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін күшейту және азаматтардың әлеуметтік қорғалуының деңгейін арттыру.

Осыған байланысты құжат қолданыстағы бірқатар нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады. Атап айтқанда, Еңбек кодексіне, Әлеуметтік кодекске, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына түзетулер енгізу көзделген.

Осы ретте Еңбек кодексіне бірқатар өзгеріс енгізіледі:

— қызметкерлерге диеталық емдік және диеталық профилактикалық тағам өнімдерін беру шарттары мен нормаларын бекіту бөлігінде еңбек жөніндегі уәкілетті органның құзыретін кеңейту; 

— азаматтық-құқықтық сипаттағы шартта еңбек қызметіне тән кемінде бір айрықша белгі болған жағдайда жеке тұлғамен мұндай шарт жасасуға тыйым салу;

— ұйымдағы тиісті кәсіп, лауазым бойынша ең жоғары және ең төменгі жалақы мөлшерлері арасындағы жол берілетін арақатынасты ұжымдық шартта белгілеу;

— еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде төленетін жәрдемақылар мен өтемақыларды қоса алғанда, төлемдер туралы ережелерді ұжымдық шартқа енгізу;

— өндірістік жазатайым оқиғалар орын алу жағдайында қызметкердің кінәсінің дәрежесін анықтауда жазатайым оқиғадан зардап шеккен қызметкердің кінәсі 25 пайыздан аспауы керектігін бекіту;

— еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның тікелей ұйымның бірінші басшысына бағынуын белгілеу енгізіледі.

Сондай-ақ, еңбек заңнамасын ереуілдерді өткізуге қатысты жекелеген мәселелер бойынша мынадай нормалармен толықтыру:

— татуластыру комиссиясының жұмысына делдалды тарту және оның жұмысқа қатысу тәртібін егжей-тегжейлі реттеу;

— ереуіл кезеңінде қауіпті өндірістік объектілерде міндетті түрде қамтамасыз етілуге тиіс қажетті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің ең төменгі көлемін айқындау;

— ереуіл өткізу кезеңінде қызметі тоқтатылмайтын өндіріс түрлерін нақтылау көзделеді.

Сонымен қатар ҚР Конституциялық Сотының нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында Әлеуметтік кодекске жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жұмыс істемейтін әкенің жас балаларға күтім жасаған уақытын еңбек өтіліне есептеуге қатысты нақтылаулар енгізіледі. Заңды қабылдау нәтижесінде қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын және еңбек құқықтарын қорғау, азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту қамтамасыз етіледі, — деп түсіндірді сенатор Руслан Рүстемов.

Депутаттар заңды екі оқылымда қарап, қабылдады.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.