Жүректеріне мейірімділік орнатады

Қасиетті Рамазан айында Алматы облысы бойынша ҚАЖД Талдықорған қаласының пробация қызметіне есебінде тұрған сотталғандар, еріктілер, «Аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар арналған күндіз болу орталығы» КММ қызметкерлеріне жиһаздарды көшіру және жинастыру жұмыстарына қол ұшын беріп, көмектесті. Пробация қызметкерлерінің айтуынша, «Аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндіз болу орталығы» КММ қызметкерлерінің басым бөлігі әйел адамдардан құралғандықтан, пробация қызметкерлерінің ықпалымен есепте тұрған сотталғандар  және еріктілер оларға жиі қол көмек көрсетуге дайын екендерін айтты. Өз кезегінде, Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың осындай қайырымдылық іс- шараларына қатысуы олардың жүректеріне мейірімділік орнатып, түзелу жолына түсулеріне көмектеседі.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...