12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН СӨЗ ЖҮРЕККЕ ЖЕТЕДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД-ҒА ҚАРАСТЫ ЛА-155/4 МЕКЕМЕСІНДЕ САЛТАНАТТЫ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. САЛТАНАТТЫ ЖИЫНДЫ МЕКЕМЕ БАСТЫҒЫ, ӘДІЛЕТ МАЙОРЫ МАДИЯР ҚОҚАНОВ АШТЫ. ӨЗ КЕЗЕГІНДЕ АТАЛҒАН МЕКЕМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ, ӘДІЛЕТ МАЙОРЫ БИБІГҮЛ МҰҢАЙТПАСОВА ДА ӘЙЕЛДЕРДІ ҚҰТТЫҚТАП, БАҚЫТ ТІЛЕДІ.

Жүректерден шыққан сөздің жүректерге жететінін ескерсек, сотталғандар арасындағы көңіл күйді түсінесің. Бұл әйелдер колониясының өзіндік ерекшелігі бар. Республикамызда жүкті әйелдер мен балалы аналар тек осы мекемеде ғана жазаларын өтейді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың барлық құқықтары толығымен қорғалып, бейкүнә сәбилер өсуде. Жазасын өтеушілер «Менің махаббатым!» тақырыбында эссе жазды, картон, дсп, фанер секілді қатты заттардан «Махаббаттың ең әдемі жолдауы» және «Ішкі құдіретімнің портреті» деген тақырыптар аясында майлы бояумен сурет салу байқауларының жеңімпаздары марапатталды. Оларға «Жеті ағаш» қайырымдылық қорының тұрмыс қажеттіліктерін өтейтін заттай сыйлықтары берілді. Әйелдер колониясындағы тоқыма шеберіне көрсетілгетін құрмет пен айтылар алғыс, берілетін сыйлық өз алдына. Себебі, бір ғана тоқыма машинасымен жылы қолғап, носки, кеудешелер тоқылып, өңірдегі алты түзеу мекемелерінің қажеттілігін өтеп отыр. Ерекше айтар тағы бір шара мерекелік концерт болды. Қамыққан көңілдер бір серпіле жадырай күліп, шадыман шаттыққа бөленіп қалды. Сотталған қыз-келіншектер сұр түсті күпілерін тастап, қызыл, жасыл, түрлі-түсті көйлектерін киіп сахна төрінде сызылта, нақышына келтіре ән шырқап, мың бұрала би билеп, тіпті цирк өнерін кәсіби тұрғыда көрсеткенде сүйсінбеген, тамсанбаған, күлмеген жан қалмады.
Гүлжәмилә БАЙТЕМІРОВА,
Алматы облыстық ҚАЖД
ЛА-155/4 мекемесі тәрбие ісі
жөніндегі бөлімнің бастығы

Тыйым салынған затты түзеу мекемесіне кіргізбек болған

Қызылорда қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесі жедел бөлімінің...

Тыйым салынған заттарды мемлекет кірісіне тапсыру туралы

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №3 мекемесінде 2024 жылы...

Службой пробации Сарыаркинского района г.Астана совместно с участковыми инспекторами полиции

УПП-69 по г.Астана, в ходе проведения регистрации осужденных состоящих...

Алатау ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді

ҚР ҚК-нің 44-бабына сәйкес бас бостандығынан шектеу жазасына сотталағандарды...