Жұмыспен айналысу сотталғандар үшін босатандыққа бастайтын жол

Тергеу изоляторының шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азамат темір терезелер жасады. Ол қамауда отырып-ақ, өзіне де, мекемеге де пайдалы іспен айналысуда .

Қызылорда облысы бойынша түзеу мекемесінің тергеу изоляторының №68 мекемесінде тұрмыстық қызмет көрсету отряды жұмыс істейді – бұл мекемеде шаруашылық жұмыстарын атқарып жүрген оңды мінезді сотталғандар.

Олар: сантехниктер, электриктер, дәнекерлеушілер, шаштараздар, тәртіпшілер, гардеробшылар, тазалаушылар, асхана жұмысшылары, абаттандырушылар, құрылыстар мен құрылыстарды жөндеушілер, БОД (ванна және кір жуу зауыты) жұмысшылары, кір жуу машинистері жұмыс істейді.

Соның бірі Ш есімді азамат. Ол Шиелінің ауданының тумасы. ҚР ҚК- нің 188- бабының 1-бөлігі (мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру) бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылған.Төрт баланың әкесі.

Сотталғанға дейін тұрақты жұмысы болмаған. Бүгінде мекеменің шаруашылық бөлімінде дәнекерлеуші болып жұмыс жасайды. Мен үшін жұмыс өте маңызды. Өйткені, жұмыс барысында жағымсыз ойлар мен эмоциялардан алшақтап, ең бастысы өзіме де, қоғамға да пайдалы уақыт өткіземін.

Бүгін дәнекерлеу жұмыстарын аяқтадым. Атқарылған жұмыстың нәтижесін көру қандай жақсы. Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Сүйікті ісіммен айналысу маған шығармашылық күш пен бостандыққа шығуға үміт сыйлайды- деді сотталған өз еңбегінің жемісіне риза болып.

Шынында да, мекемедегі шаруашылық бөліміне қалдырылған 16 сотталғанның еңбекпен айналысуы олардың мінез-құлқына игі әсерін береді.

Жұмыс оларды бойкүйездіктен, әртүрлі жағымсыз ойлардан арылтады.

Ең бастысы жеке тұлға ретінде дамуын арттырып, бойларында өз-өздеріне деген сенімділікті нық орнатуға үлкен әсері бар. Яғни, жұмыспен айналысу сотталғандар үшін – босатандыққа бастайтын жол.

Казахстан переходит на водосберегающие технологии

Благодаря системной работе по внедрению водосберегающих технологий орошения казахстанские...

Новый формат диалога с населением 

В АРАЛЬСКОМ РАЙОНЕ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ ДАН СТАРТ РЕСПУБЛИКАНСКОМУ ПРОЕКТУ...

Контрафакт вне закона

ЗА ПРОИЗВОДСТВО И СБЫТ ФАЛЬСИФИЦИРОВАННЫХ МЕДИЦИНСКИХ ИЗДЕЛИЙ В КРУПНОМ...

Не останавливаться на достигнутом

ЗА СЕМЬ ЛЕТ В КАЗАХСТАНЕ ПОСТРОИЛИ БОЛЕЕ 1 300...

RESPUBLICA ӨҢІРЛІК ШТАБТАРДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарында мәслихатдепутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының аяқталуынаарналған сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті. Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылған жұмыстардықорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс және алдағы дауыс беру күнінеұйымдастырушылық дайындық мәселелерін талқылады. Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен,...