Жұмыс жәрмеңкесі өткізілді

Жұмысқа орналастыру-рецидивті қылмыстың алдын алудың бір тәсілі. Қоғамнан оқшауламай жазасын өтеп жатқандарға мұндай көмек олардың одан әрі өмір жолын таңдауда негіз қалаушы фактор бола алады.

Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталғандар қарапайым адамдар сияқты жұмысқа орналасуды қажет етеді. Алайда, кейде оларды жұмысқа алғысы келмейтін жағдайлар болады, өйткені бұл контингенттің соттылығы бар. 01.07.2022ж. БҚО бойынша ҚАЖД Бәйтерек аудандық №1 және №2 пробация қызметтерімен Бәйтерек аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесіп бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.

БҚО бойынша ҚАЖ Департаменті Бәйтерек аудандық №2 пробация қызметінің аға инспекторы әділет лейтенанты Кунжарикова А.Х.

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...