Стриптизер қыз TikTok-та жұмысындағы ең қызықты сәттер туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өзін Империал деп атайтын 18 жастағы қыз орта мектепте жоғары сыныпта оқып жүргенде стриптизер болып жұмыс істей бастаған. Ол ерлердің құрметсіздігі мен әйелдердің қызғанышына жиі тап болатынын мойындайды.
Ең танымал видеоларының бірінде стриптизер жұмыс кезінде әкесін кездейсоқ кездестіргені туралы айтып берді. Ол жеке кешке өнер көрсетуге барған. Ол VIP-қонақтарға арналған бөлмеде би билеп жатқанда, барлығы ойдағыдай болған, бірақ бар алаңындағы сахнаға шыққан бойда, ол 14 жасында отбасын тастап кеткен әкесін көрген. Осыдан кейін Империал басқа жаққа кетіп қалады. Оны жалдаған адам не болғанын сұрайды, ол жағдайды түсіндіреді және оған бүкіл кеш бойы VIP-қонақтарға арналған бөлмелерде жұмыс істеуге рұқсат береді. Әкесі оны таныды ма, жоқ па белгісіз.
Бірде, жоғары сыныптарда оқыған кезде, Империал клубта билеп, бір мұғалімін кезіктіріп қалған. Екеуі де қатты ұялып, мектепте кездескенде, бұл туралы ешқашан айтпауға келіскен. Мұғалім уәдесінде тұрған.
Тағы бірде оны билеп жатқанда ер адам қатты ұстап, өзіне тартып алған. Империал тартынғанда, ер адам кешірім сұрап, енді қайталанбайтынын айтқан. Қыз бұлай істеуге болмайтынын айтқанда, ол ашуланып кетіп, қалтасынан тапаншасын шығарған. Қызға күзетші көмекке келіп, тәртіп бұзушыға қарай екі тапаншаны бағыттаған. Ер адам шүріппені басқанда, секьюрити оның тізесіне атып жіберген.
Империал клубқа келушілердің, соның ішінде азғындардың бірнеше рет тиіскенін атап өтті.
Сондай-ақ, бойжеткенге стрип-клубтардың тұрақты келушілерінің әйелдері де сес көрсетеді екен. Оның айтуынша, әйелдер бишілер келушілермен бірге болады деп ойлап, кек алғысы келеді екен.
Империал жұмысындағы ең қызықты оқиғаны айтып берді: бір рет қыз ерлер мен әйелдер үшін би билеп, олармен суретке түскен. Кейін клубқа келушілердің бірінің әйелі фотосуретпен келген. Стриптизер қыз әйел қорқытады деп ойлаған, бірақ оны үйленгендеріне бір жыл болғанына арналған мерейтойға қызмет көрсетуге шақырған. Әйел күйеуінің көзіне шөп салғанын біліп, осы кеште ажырасу туралы хабарлағысы келген. Империал келісіп, ер адам ажырасу туралы құжаттарды көргенде, көздеріне жас алғанын айтты.